СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ ТАРТЫСТЫ ЖОБАЛАРМЕН ТОЛЫСТЫ
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мұғалімнің кәсіби дамуы – қоғам сұранысына дер кезінде жауап беру мүмкіндігі, үздіксіз білімнің оралымды құрылымдарының бірі. Осы ретте «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының тренері Ж. Жубауова тәуелсіз сарапшылармен бірлесіп,«Үздік тренинг-2022» атты облыстық байқауын жүргізді.Арнайы критерий негізінде шығармашыл ұстаздардың жұмысына бағалау жасады. Байқау TIMSS, PISA, PIRLS тапсырмаларын дайындау, олардың құрастырылу ерекшеліктерін анықтауға бағытталды. Оған 14 мұғалім қатысты. Қатысушылар жоспарланған тренингтерін тәжірибе алаңына жинақталған мұғалімдерімен өткізді. Тренинг барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру ерекшеліктерін үйренді.
«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ
Шеберлік сыныпта интернет ресурстары мен сандық технологияларды тиімді әрі қауіпсіз қолдануда цифрлық сауаттылық технологиялық сауаттылықпен байланысты түсініктермен қатар қарастырыла отырып, мұғалімдер арасында пікіралмасулар болды. Қызылорда қаласы, №198 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Айдана Жауғашарова, Қазалы ауданы №249 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мейіржан Меңдібаев, Қызылорда қаласы, №261 мектептің математика пәні мұғалімі Ақтолқын Ахметова және т.б. көптеген мұғалімдер сандық білім беру ресурстарын дайындау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, компьютерлік көптеген бағдарламалардың (Wordwall, Plickers, LearningApps және т.б) тиімділігі талқыланып, ой бөлісті. Сабақ соңында әр мұғалімге Canva бағдарламасында өз сабақтарының презентациясын жасау тапсырмасы берілді.
ИДЕЯЛАР АУКЦИОНЫ: ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Идеялар аукционына командалар ішінен 28 мұғалім өз идеяларын (жұмыстарын) ұсынды. Нәтижесінде, педагогтардың кәсіби құзіреттіліктері артты және шығармашыл, ұтымды идеялар қолдау тапты.
МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯ ТАЛАПТАРЫ
Үстел теннисі бойынша І орын Қармақшы ауданы №105 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қыдырәлі Көшеков, ІІ орын Қызылорда қаласы №261 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қуаныш Оспанов, ІІІ орын Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дәулетбек Мұратбекұлы.
Шахмат ойыны бойынша І орын Жалағаш ауданы №201 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Ақәділ Пазылбеков, ІІ орын Қызылорда қаласы Абай атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Нұрдос Ережепов, ІІІ орын Қазалы ауданы №91 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Амидулда Жеңісбек жеңіс тұғырынан көрінді.
КТК әзіл-қалжың кеші бойынша қатысушы командалар мейлінше жақсы дайындалып келіп, өз әзілдерін тақырып төңірегінде үйлестіре отырып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. КТК 2 кезеңді құрады: 1) Сәлемдесу 2) Биатлон (үздікәзілдер). КТК нәтижесі бойынша 1-орынды Қызылорда қалалық білім бөлімінің командасы, 2-орынды Қармақшы аудандық білім бөлімі командасы, 3-орынды Шиелі аудандық білім бөлімі командасы иеленді. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік ойыншы» номинациясын Қазалы ауданы командасының ойыншысы Қуаныш Жиенқұлов жеңіп алды.