ЖАРЫСТЫҢ ҮЙРЕТЕРІ МОЛ БОЛДЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахмат және тоғызқұмалақтан турнир өтті. Одаққа мүше барлық облыстық ұйымдармен және Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан келген командалар қатысқан жарыста команда мүшесі Атырау индустриалды колледжісінің оқытушысы Дауылбаева Алтынай Орынғалиқызы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жарысқа қатысқан команданың басқа мүшелері А.Т. Бокирова (Индер ауданы, Аққала орта мектебі), А.М. Шораев (Атырау қаласы, Д.Байбосынов ат. ұлттық гимназия) және Ж.С. Рахметов (Атырау университеті) Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен және сертификатпен марапатталды.
Сөз соңында аймақтың білім беру мекемелеріндегі спорттың осы түрлерінің кенжелеп қалғаны қатты алаңдатты. Болашақта облыстың барша салалық кәсіподақ ұйымдары ұстаздардың бос уақытын ұйымдастыруда осы мәселеге бет бұруы тиіс деген тұжырым жасадық.
Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымы
-
Фото
-