• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛЫТАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР …

ҰЛЫТАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ







Ғалым да, шахтер де бас иетін мамандықтың шыңына шығып, бала тәрибесінің үздік үлгісін көрсете алған ұстаздар марапат төрінен табылды. Ұлытау ауданының білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2021» салтанатты шарасы өтті.



Бәсекеге қабілетті, болашақтың көшбасшы болатын шәкірт тәрбиелеп жүрген әріптестерін ұлық мерекемен құттықтаған білім бөлімінің басшысы Бағдат Әбдірайымов пен Ұлытау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қанат Жылқыбаев жыл бойы талмай еңбек етіп, толағай табыстарға қол жеткізгендерді Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы М.С.Қоңырбаевтың Құрмет грамотасымен марапаттады.



Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаевтың қатысуымен өткен шара арнайы тағайындалған номинацияларды тапсырумен жалғасты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Светлана Омарова «Білім бөлімінің үздік әдіскері» номинациясының, Шайзат Тілеуова «Шағын жинақты мектептердің үздік педагогы» номинациясының иегері атанса, Мөлдір Абжанова «Үздік әдістемені ұсынушы», Алма Дюсебаева «Дарынды балалардың үздік жетекшісі», Салтанат Жакеева «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының үздік әдіскері», Нариман Бірімжанов «Үздік пән педагогы», Думан Әден мен Нұргүл Балабиева «Қосымша білім беру ұйымының үздік педагогы» номинациясымен еленді. №4 Қаракеңгір жалпы білім беретін мектеп ұжымы «ҮЗДІК МЕКТЕП» аталымында озып, 400 мың теңге көлеміндегі сыйақыны қанжығалады.



Тынымсыз тірліктің еленетін уақытында марапат төрінен көрінген ұстаздар қауымының әрбірі құрметке лайық. Бұл жетістіктің артында біріге жұмыс атқарған әрбір ұжым, қызметіне адалдық танытқан кез келген қызметкердің өзіндік үлесі бар. Ұрпақ тәрбиелейтін ұлағатты жандарға арналған жиын өнерпаздар өнерін тамашалаумен жалғасып, ерекше көңіл-күй сыйлады.




«Жезқазған аймақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» баспасөз қызметі
















































Жарияланған күні: Жел. 27, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты