ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің кезекті Пленумы және Атқару комитетінің мәжілістері өтті.
Күн тәртібінде «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласынан туындайтын міндеттер және «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы» ұйымның төрағасы Қ.Сүндетұлы баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде тарих қойнауына кетіп бара жатқан осы жылдың басты қорытындыларына тоқталып, қол жеткен табыстар мен алда тұрған міндеттерді саралап берді.
Сондай-ақ, мәжілісте «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Исатай, Мақат аудандық комитеттері мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті комитеті» филиалдарының Жарғылық міндеттерді орындауы туралы ұйым төрағалары Қ.И. Дүзбаева, Е.С. Құлтаев және А.Қ. Ахметтердің хабарламалары тыңдалды.
Пленум күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті Қаулы қабылдады.
Жиынға «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты І.Ұ. Баймұханов қатысты.
Күннің келесі жартысында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атқару комитетінің мәжілісі өтіп, онда «Облыстың Бақылау-Тексеру комиссиясының филиалдардың қаржылық жұмыстарын тексеру қорытындысы туралы» қоғамдық бірлестігінің бас есепші А.Тюякпаева, «Ұстаздық еңбек», «Білімді ел», «Қазақстан кәсіподағы» басылымдарына жазылуын ұйымдастыру туралы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы З.Қ.Бекмұхамбетовалар хабарлама жасады.
Бұл күні аймақтың бір топ кәсіподақ белсенділеріне республикалық Салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары мен төс белгілері табыс етілді.
«Атырау облысы білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ
қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ