АҚТӨБЕДЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жылдық жоспарға сәйкес атқару комитетінің кезекті отырысын өткізді.
Онлайн форматында өткен алқалы жиынға салалық білім кәсіподағының төрайымы Р.Серікова, аппарат пен атқару комитетінің мүшелері және аудандық кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Күн тәртібінде бірнеше сұрақ талқыланды.
Соның бірі-кәсіподақ жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жариялау, ақпараттық-насихаттау жұмыстары жөнінде. Даусыз, қазір әлем әлеуметтік желіге көшті. Кез-келген адам, мемлекеттік мекеменің әлеуметтік желіде арнайы парақшасы бар. Сол арқылы белгілі бір ұйымның атқарып отырған жүмысына баға беруге болады. Сондықтан замана көшінен қалмай, кәсіподақ қызметін БАҚ, сайт, әлеуметтік желідегі парақшаларда ұдайы жариялап отырған маңызды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Мәртөк және Хромтау аудандары кәсіподақ жетекшілерінің баяндамаларында айтылды.
Одан соң кәсіподақ ұйымдарында құқықтық қызметті жетілдіру, кәсіподақ мүшелеріне заңгерлік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жайында Шалқар және Ырғыз аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының баяндамасы тыңдалды.
«Бүгінгі таңда еліміздегі кәсіподақ ұйымдарына деген көзқарас та, пікір де жақсы жағына өзгере бастаған. Яғни,кәсіподақтың біздің қоғамдағы рөлі мен мағынасы неде екендігін жақсы білетіндердің саны көбейіп келеді»,-дейді Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Әбенов. Биыл кәсіподақ төрағасы заңгерлермен бірге аудандағы бірнше білім беру ұйымына қоғамдық бақылау жүргізген. Нәтижесінде әртүрлі заңбұзушылықтар анықталған. Педагогтардың тарапынан біліктілік санатына қосымша ақы төлеу, кезекші кластарға бөліп оқытуға байланысты тәрбиешіге қосымша еңбекақының төленуі, карантин уақытында жалақының толық төленуі, еңбекке жарамсыз қағазы мен оқушыларға іс-сапар шығындарының төленуі туралы арыз-шағымдар түскен. Барлық еңбек даулары облыстық кәсіподақ заңгерлерінің кеңесімен әлеуметтік әріптестік негізінде оң шешімін тапқан.
Мұндай заңбұшылықтар Шалқар ауданының білім мекемелеінде де орын алған. Кәсіподақ көмегіне Бозой мектебі жылу қазандығының операторы О.Төребеков жүгініп, мектеп есепшісінен айлық есептеу парағын алып беруді сұраған. Ал №2 мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Майкупова каникул күндері қосымша ақы төлеу , № 1 мектеп-гимназиясының АӘТД пәні мұғалімі М.Қанатбай патриоттық клуб жұмыстарын атқарғаны үшін қосымша ақы төлеу туралы өтініш берген. Мұғалімдердің мазалаған сұрақтар заң аясында шешілген. Жиынға қатысушылар осы мәселеге қатысты кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиевтің баяндамасына ден қойды.
Сондай-ақ, отырыста бұған дейін салалық кәсіподақтың Атқару комитетінде бекітілген кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы Ереже талқыланып, аумақтық кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі жұмысы қорытындыланды.
Биыл Ақтбе облысының 1500-ден астам педагогы емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды. Мұғалімдер «Манкент», «Жаңақорған», «Көктем», «Мерке», «Щучинский», «Сосновый бор», «Сарыағаш» «Сарыағаш суы», «Баян жүрек, «Оқжетпес» «Ақжайық», «Шипагер», «ЮКОН» және «Зәру» сияқты еліміздің ең таңдаулы шипажайларында тынығып, тыныс алу жүйесі, асқазан-ішек жолдары, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, урологиялық, гинекологиялық өзге де ауруларды емдеуге және алдын алуға мамандандырылған сауықтыру орталықтарында денсаулықтарын нығайтты.
Жиын соңында жаңа 2022 жылға арналған жылдық жұмыс жоспар бекітіліп, тиісті қаулылар қабылданды.