• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚТЫҢ ОҚЫТУ …

КӘСІПОДАҚТЫҢ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ







Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының сала қызметкерлерін оқыту жоспарына сәйкес желтоқсанның 06-07 күндері БКҰ төрағаларына, ал 8 желтоқсан күні үздік ұстаздар мен кәсіподақтың жастар қанатының белсенділеріне арналған «Кәсіподақ және қоғам: заманауи көзқарас» тақырыбында семинар өтті.




Оқу барысында тыңдаушылардың назарына жергілікті кәсіподақтың білім және ғылым саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруға қатысу, сала қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін заңды қорғау, оларды сауықтыру, кәсіподақ қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыстары, қаржы саясатын жетілдіру бойынша ақпарат берілді.




Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ең маңызды сұрақ - «Кәсіподақ мүшелігінің тиімділігі неде?» деген тақырып аясында дәріс өтсе, құқықтық қызметтің басшысы Берік Баймағамбетов әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттар жасау мен оның орындалуын қамтамасыз ету, жеке еңбек дауларын шешу бойынша Келісу комиссияларының жұмысы туралы баяндады. Облыстық ұйымның бас маманы Әлия Джолшибекова барлық семинар қатысушыларын қызықтырған «Білім беру жүйесіндегі еңбекақы мәселесі» тақырыбында әңгімеледі. Модератор сала қызметкерлерінің жалақысын есептеуге қажетті нормативтік құқықтық актілермен таныстырып, «мұғалім», «педагог-психолог», «тәрбиеші», «зертханашы», «қарауыл» сынды сала қызметкерлерінің жалақыларын қала және ауылды жердегі ерекшеліктерін ескере отырып есептеп көрсетті. Семинар қатысушылары «Жұмыс берушінің актілері және оларды кәсіподақпен келісу тәртібі» және «Кәсіподақтың ақпараттық-имидждік қызметі» тақырыптарын да үлкен қызығушылықпен қабылдады.




Оқу соңында білім саласындағы еңбек қатынастарының өзекті әрі түйткілді мәселелері бойынша сұрақ-жауап сағаты өтіп, барлық тыңдаушыға семинарға қатысқандығы туралы куәлік тапсырылды. Семинар бағдарламасына сәйкес тыңдаушылар үшін Жамбыл облысының 80 жылдығы аясында ашылған мәдени нысандар мен «Ежелегі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты нысандарға экскурсия ұйымдастырылды.




Жалпы, Жергілікті кәсіподақтың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес биыл 1 аймақаралық, 8 стационарлы, 11 көшпелі семинар мен кеңестер ұйымдастырылып, онда 2 мыңға жуық сала қызметкері мен жұмыс беруші өкілі кәсіподақтың оқыту семинарларымен қамтылды. Оқытулар сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын білуіне, азаматтық ұстанымын белсенді ету мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына ықпал еткені анық.




Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
















































Жарияланған күні: Жел. 10, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты