• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫМЕН…

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫМЕН ОЯНҒАН БАЛАБАҚШАҒА – 30 ЖЫЛ







Ақтау қаласындағы Сайын Нәдірұлы Шапағатов атындағы №59 балабақшасында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және балабақшаның ашылғанына 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік таңымен оянған балабақша» атты іс-шара өткізілді.

Мерейтой шымылдығын ашып беру үшін алғашқы құттықтау сөз Республикамызға белгілі суырып салма айтыскер ақын, өңіріміздің құрметті азаматы Нұрлан Мұсаевқа берілді.




- Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Сондықтан да біздің балабақшамызда шәкіртке жан-жақты терең білім беріліп, бала жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялатып, ертеңгі азаматтың, жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етіп келеді. Сонымен бірге бала тәрбиесі мен біліміне бақылау жасап, оларды оңтайлы ұйымдастыру қызметімен айналысып жүрген білім беру ұйымындағы ұстаздарымыздың еңбегі зор.




Бөбекжай қызметкерлерін марапаттау үшін облыстық білім басқармасы әдістемелік бөлім басшысы Зейнеп Тұрланқызына, қалалық білім бөлімінің бас маманы Ақмарал Байшахановаға берілді.




- Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар женкештілікке барған. Ресейдің езгісінде болып тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана Тәуелсіздік алып, егемен ел болдық. Сондай ел тағдыры қылыш жүзінде тұрғанда маңдайынан тер, таңдайынан сөз төккен, қайрат күші мен жігерін аямаған азаматтардың бірі – Сайын Нәдірұлы болды.




1988 жылы жабылып қалған Маңғыстау облысын қайта ашу, облыс орталығы Шевченко қаласының атын байырғы жер атауына сәйкес қайта қою, ұлттық тілде тәрбиеленетін мектеп, балабақшалар ашу тағы басқа көптеген мәселелер - көптің көкейінде жүрген болатын.



«Парасат» қозғалысының мүшесі Сайын Нәдірұлы осы мәселелерді дөп басып, мезгілінде көтеріп, Республика басшылығы алдына қоя білді. Айта кетер болсақ балабақшаның ерекшелігі де – қазақ тіліндегі білім беру ұйымдарын ашуға үлес қосқаны үшін қойылған сол кісінің атымен аталуында.


Парасат қозғалысының ардагері,облыстық кеңес мүшесі Амандық Сүлейменов, Ақтау қаласының құрметті азаматы, тележүргізуші, Қазақстан Республикасының құрметті журналисті Қожахмет Демеубергеновке, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Ақтау қаласының құрметті азаматы Данияр Аралбаевқа, ҚР журналистер одағының және халықаралық жазушылар одағының мүшесі Аллаберген Қонарбаевқа сөз берілді.




Бөбекжайдың дамуына, өркендеуіне бірден бір үлес қосқан, балабақшада алғаш басшылық еткен ардагер ұстаз Бақыт Өтебалы болатын. Бахыт Мұлхайдарқызы балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, балалардың ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарды.



Балабақша бүгінде қала бойынша алдыңғы қатарда, қалалық, облыстық, републикалық тіпті халықаралық шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.




Атаулы іс-шараларға қатысуға, ұйымдастыруға, бөбекжайдағы балалардың өсуі мен дамуына қолдау жасап, қызметкерлердің сұраныстарын қанағаттандырып отырған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының құқық қорғау жөніндегі маманы Наталья Храмова мен Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнзира Енсегенова құттықтау сөздерін арнады.




Облыстық кәсіподақ ұйымынан «Қарғалы» шипажайына бір жолдама және балабақша бастауыш кәсіподақ ұйымына принтер табысталса, қалалық кәсіподақ ұйымынан «Көктем» шипажайына бір жолдама, белсенді қызметкерлер «Алғыс хат» және сыйақымен марапатталды.




Атақты суретші Дәурен Аралбаев, Республикаға танымал әнші Мәлік Жамбылұлы бастаған балабақша түлектеріне де сөз кезегі берілді. Сайын Шапағатовтың өмірі мен ерліктерін таныстыру мақсатында, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау білдіру мақсатында 2019 жылы 10 қазанда С.Н.Шапағатов қоры ашылған болатын. Ұлт жанашырлары бүгінде бала дамуына өз көмектерін аямай қосып келеді.


С.Шапағатов қорының директоры Қалимаш Баймағанбетова, бөбекжай басшысы Раушан Мухышевалар да сөз сөйлеп, мерейтоймен құттықтады.




М.Акқали,

Ақтау қаласы, №59 С.Шапағатов атындағы бөбекжай тәрбиешісі












Возможно, это изображение (7 человек, люди стоят и в помещении)





Жарияланған күні: Жел. 6, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты