ҰЛЫ МЕРЕКЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
Жуырда «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жылыой аудандық комитеті» филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Кәсіподақ – қолдаушы күш» тақырыбында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының фестивалі өтті.
Фестиваль шартына сәйкес, ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары 4 топқа бірігіп, өзара сайысқа түсті. Сайыс шартына сәйкес командалық таныстыру, көрініс, поэзиялық сәт және ойлы сұрақтарға жауап беру секілді тапсырмалар берілді. Бұл сынақта жарысқа түскен команда мүшелері өз өнерлерін паш етті. Сайысқа түскен ұстаздар шетінен күміс көмей әнші, мың бұрала билеген биші, сахна төрінде образы сомдалған әртіс болып қана қоймай, кәсіподақ пен еңбек туралы заңдарын жатқа соққан білімпаз екендіктерін танытты.
Арнайы құрылған Қазылар алқасы шешімімен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл тоулына орай «Кәсіподақ – қолдаушы күш» атты білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының аудандық фестивалінің жеңімпаздары болып: І орынды – «Демеу» тобы; ІІ орынды – «Алаш қыздары» және «Қыран» топтары және ІІІ орынды – «Кемеңгер» тобы лайықты деп табылды.
Фестиваль жеңімпаздарын марапаттауға Жылыой аудан әкімінің орынбасары Ә.И. Шакиров, Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қ.Сүндетұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы А.М. Қақпанбаева, аудандық салалық кәсіподақ филиалының төрайымы Г.О. Төребекова қатысып, аудан әкімінің және салалық кәсіподақ ұйымдарының Алғыс хаттарын табыс етті.
Атырау облысы білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы