ҚАРАТӨБЕ ЖӘНЕ КАЗТАЛОВ АУДАНДАРЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет құрылған салалық кәсіподақтардың аудандық филиалдарында кезектен тыс сайлау конференциялары өтуде.
Ағымдағы жылдың қараша айының 26 күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық комитеті – Филиалы кезектен тыс сайлау конференциясын өткізді. Оған облыстық кәсіподақ аппаратының төрағасы Марат Даупаев және бас мамандар Марина Темиргалиева, Гулжанат Курмангазиева, Гулнур Хаирлиевалар, сонымен қатар Қаратөбе аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен бірге, әлеуметтік әріптестік негізінде кәсіподақтың дамуына зор үлес қосып жүрген Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев қатысты.
Конференция барысында бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес, сайлау конференциясының барлық жүргізу талаптары сақтала отырып, күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралды. Қаратөбе аудандық кәсіподақ ұйымының есепті мерзім ішіндегі атқарылған жұмыстары бойынша кәсіподақ төрайымы Сағира Ақдонованың баяндамасы тыңдалып, «қанағаттанарлық» деп танылды.
Мандат комиссиясының хабарламасынан кейін өкілеттігі расталған конференция делегаттары күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ Қаратөбе аудандық комитеті – Филиалының төрағалығына ұсынылған Зейнуллин Нұрбек Бақытжанұлының кандидатурасын қолдап бірауыздан сайлады.
Жаңадан сайланған кәсіподақ төрағасы өз алғысын білдіре отырып, алдағы уақытта Қаратөбе аудандық кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсартуға, олардың конституциялық құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақ қозғалысын жетілдіруге жұмыстанамын деп сенім білдірді.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 30 қараша айында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ Казталов аудандық комитеті – Филиалының кезектен тыс сайлау конференциясы оздырылды. Кворумды сақтай отырып жиналған конференция делегаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулыларды қабылдап, Казталов аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Асыл Кенжегалиеваның есепті мерзім ішіндегі атқарылған аудандық кәсіподақ ұйымының жұмысын «қанағаттанарлық» бағалады.
Сөз алған делегаттар Абылай Молдашев және Гүлдария Темешовалар ауданда атқарылған кәсіподақ жұмыстарына «оң» бағаларын беріп, Казталов аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ жұмысының жылдан–жылға жанданып, мүшелерінің қатары артып отырғанына және кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын нығайту мақсатында жыл сайын сауықтыру орталықтарына жолдама беру жұмыстары да жүйеленіп, облыстық кәсіподақтың ықпалымен бюджет қаражаты есебінен педагог қызметкерлердің тегін медициналық тексерістен өткізу мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша 3 АЕК-те әлеуметтік қолдау көрсетілуіне қолжеткізілуі, кәсіподақ оқытулары мен білім салаларында еңбек қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Өндірістік кеңестердің құрылғаны, кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының қорғалуы мен еңбек қатынастарының сақталуына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары туралы баяндап, Казталов аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангерееваға әлеуметтік әріптестік ретінде үнемі қолдау білдіріп, аудандық кәсіподақ жұмысын алға бастырудағы бірлескен жұмыстарына зор алғыстарын білдірді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – кәсіподақ төрағасын сайлау бойынша осыған дейін табысты қызмет атқарған Асыл Закарияқызы Кенжегалиеваның кандидатурасы ұсынылып, делегаттардың бірауызды қолдауына ие болды. Сондай-ақ, Конференция өз құзырына сәйкес Бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлау, аудандық Комитет (Пленум) құрамын бекіту, Атқару комитетінің құрамын сайлау туралы бірнеше мәселені қарап, бекітті.
Конференция соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлестері және қоғамдық өмірге белсене атсалысқан бірқатар сала өкілдеріне заттай сыйлықтар табыс етіліп, салалық кәсіподақтың облыстық және аудандық ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-