«ӨНЕРІМДІ САҒАН АРНАЙМЫН, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ!»
2021 жылғы 23 қарашада Тереңкөл ауылында Павлодар облысының білім беру қызметкерлері арасында " Өнерді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқауға Павлодар, Успен, Железин аудандары және Тереңкөл аудандарының ұжымдары қатысты.
Байқауды Павлодар облысының білім беру басқармасы және "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы"қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шара ҚР көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтау және тереңдету, білім беру қызметкерлері арасында дарынды орындаушыларды анықтау, олардың одан әрі шығармашылық дамуына ықпал ету мақсатында өткізілді.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық ансамбль.
Байқау қорытындысы бойынша "Вокал" номинациясы бойынша Успен ауданы жеңімпаз атанды, "Хореография" номинациясы бойынша Павлодар және Успен аудандарының ұжымдары, "Аспаптық ансамбль" номинациясы бойынша Тереңкөл ауданының ұжымдары жеңімпаз атанды.
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.А. Науразбаева еліміздің егемендігін қалыптастыруда педагогикалық қоғамдастықтың маңызды рөлін атап өтті. Облыстық байқаудың барлық қатысушылары іріктеу кезеңіне белсенді қатысқаны үшін қоғамдық бірлестіктің Алғыс хатымен марапатталды.
Көптеген ұстаздарымыз тек қана өз ісінің майталман ұстасы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық шабыттары шалқыған еңбекқор және қоғамдық жұмыстың белсенділері екенін дәлелдеді. Олардың Павлодар облысының білім беру саласы мен кәсіподақтың имиджін көтеретіні қуантады!
Келесі байқаулар Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында да өтеді, оған 200-ден астам педагог қатысады. Баршаңызға сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!
Павлодар облысының баспасөз қызметі
Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
«Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!»