«ЖАСАЙ БЕР, ЖАСА МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!»
Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні Атырау қаласындағы Жұмыскер мәдениет үйінде барша мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл сыйлаған тамаша шара өтті. «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» Атырау қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жасай бер, жаса менің Қазақстаным!» атты бала-бақша ұжымдары арасындағы өнер фестивалі лауреаттарының қорытынды концертін ұйымдастырды.
Бұл күні білімі мен біліктілігі кемеліне келген ұстаз-тәрбиешілермен қатар, сол мекемелерде еңбек ететін барша қарапайым мамандық иелері де сахна төрінде мың құбыла би билеп, ән айтты, күйден шашу шашты.
Концерттік бағдарламаның алғашқы шымылдығын № 38 «Аққайың» бөбекжай бала-бақшасы ұжымы «Қазақстан қыран далам» атты хорымен ашты. Көз тартар әсем киінген қыз-келіншектердің дауысы әп-сәтте бүкіл залдағы көрермендер жүрегін жаулап алғандай болды. Ән аяқталған сәтте көрермендердің ризашылдығын білдірген ду қол шапалақтау ұзаққа созылды. Осыдан кейін өнерпаздардың концерттік нөмірлері бірінен соң бірі жалғасын тапты. Арасында 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасына арналған № 19 «Шұғыла» бөбекжай бақшасының ұжымы әзірлеген «Тәуелсіздік құрбаны» атты әдеби-музыкалық қойылым да дараланып көрінді. № 11 «Таңшолпан», № 38 «Аққайың» ұжымдарының домбыра оркестрлері орындаған «Келіншек»,«Ерке сылқым» күйлері де, № 59 «Ақбөбек», № 10 «Құлыншақ» ұжымының әжелер ансамблі шырқаған «Балапан қаз», «Гүлдерайым» әндері де, «Қазақ қазына» (№39 «Ақкөгершін»), «Асатаяқ» (№ 35 «Балақай») атты би қойылымдары да көрермендер ризашылдығына бөленді.
Жалпы бұл күнгі қорытынды концертке қаладағы 45-ке тарта мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ішінен таңдалынған өнер қырандары қатысты. Бір ай жарымға созылған концерттік байқаудың қорытындысын бағалаған Әділқазылар алқасының шешімі төмендегідей болды.
Ынталандыру сыйлығына:
1. №54 «Айгүл» бөбекжай бақшасы;
2. №14 «Нұрай» бөбекжай бақшасы;
3. № 9 «Әлия» бөбекжай бақшасы;
4. «Рауан» бөбекжай бақшасы;
5. № 15 «Балбөбек» бөбекжай бақшасы;
6. № 33 «Қөркемай» бөбекжай бақшасы;
7. № 6 «Гүлдер» бөбекжай бақшасы;
8. № 3 «Қарылғаш» бөбекжай бақшасы;
9. № 2 «Ақсұңқар» бөбекжай бақшасы;
10. №26 «Жұлдыз» бөбекжай бақшасы;
11. №23 «Ынтымақ» бөбекжай бақшасы;
Номинациялар бойынша:
1. «Жеңіске ынталы өнер ұжымы» – «Шағала» бөбекжай бақшасы;
2. «Ұйымшыл ұжым» – №19 «Шұғыла» бөбекжай бақшасы;
3. «Талантты өнер ұжымы» – №35 «Балақай» бөбекжай бақшасы;
4. «Жас өнерлі ұжым» – №20 «Алтын балық» бөбекжай бақшасы;
«Дипломаттар» атағына:
1. № 21 «Алтын кілт» бөбекжай бақшасы;
2. №25 «Еркемай» бөбекжай бақшасы;
3. № 13 «Балапан» бөбекжай бақшасы;
4. № 16 «Дюймовочка» бөбекжай бақшасы;
5. № 37 «Болашақ» бөбекжай бақшасы;
Үшінші орынды:
1. № 10 «Құлыншақ» бөбекжай бақшасы;
2. № 29 «Нұрсая» бөбекжай бақшасы;
3. № 4 «Бәйтерек» бөбекжай бақшасы;
4. № 36 «Нұрәлем» бөбекжай бақшасы;
5. № 39 «Ақкөгершін» бөбекжай бақшасы;
Екінші орынды:
1. № 11 «Таңшолпан» бөбекжай бақшасы;
2. № 59 «Ақбөбек» бөбекжай бақшасы;
Бірінші орынды:
№ 38 «Аққайың» бөбекжай бақшасы, – иеленді.
Барлық жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары және сертификаттар табыс етілді.
Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымы.