• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТАЛАСТА ТОЛАЙЫМ ТІР…

ТАЛАСТА ТОЛАЙЫМ ТІРЛІК БАР
















Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік актілерін жүзеге асыру сұрақтарына арналған кезекті семинары Талас ауданында өтті. Балалар өнер мектебінің мәжіліс залында өткен семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов, білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары, кәсіподақ жетекшілері қатысты.




Қатысушылардың назарына Еңбек кодексі мен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына енген өзгерістер, облыстық білім басқармасымен жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге енген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі мен ережелерінің түйіткілді мәселелері және оларды шешу жолдары туралы айтылды.



Аудандық комитеттің ІV Пленумында комитет төрағасы М.Мірәлиев баяндама жасап, жарғылық міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарына тоқталды. Бүгінде аудандық комитетте 62 БКҰ-на біріккен 3713 кәсіподақ мүшесі бар. Ауылды жерде жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге коммуналдық көмек ретінде 5 АЕК көлемінде біржолғы көмек төленуде. Биыл 68 кәсіподақ мүшесі 50 пайыз жеңілдікпен шипажайларда, Алакөлде 22, Ыстық көл жағалауында 29 сала қызметкері сауықтырылған.




Әлеуметтік әріптестіктің нәтижесінде ауданда лауазымдық нұсқаулықтарымен көзделген негізгі жұмыстарымен қатар жұмыс күнінің ұзақтығы шеңберінде атқаратын өзге жұмыстарымен байланысты қызмет көрсету аумағының артуына сәйкес кейбір қызметкерлердің жалақысына негізгі жалақыдан 35-50 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төленіп келеді. Былтырғы пандемия кезінде де науқастанған кәсіподақ мүшелеріне ауқымды қаржылай көмек көрсетілген және ұстаздарға 35 бірлік ноутбук берілсе, биыл осы дәстүрмен тағы да 17 ноутбук пен принтер алып беру жоспарлануда.




Ауданның білім саласында шынайы әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттар жасау мен оның орындалуын қамтамасыз ету, сала өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауда өзара мәмілеге келе білудің жақсы үлгісі қалыптасқанын жарыссөзде баяндама жасаған Д.Қонаев атындағы Ойық ауылының орта мектеп директоры Ғалым Әлімханов пен «Әйгерім» бөбекжай-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айман Ахметғалиева дәлелдей түсті. Баяндамашылар ұжымдық шартта көрсетілген міндеттемелер мен кепілдіктер заң аясында іске асырылып, ұйымның кез-келген мүшесінің заңмен кепілдік етілген құқықтары мен мүдделері тиісті дәрежеде қорғалып жатқандығына басымдық берді.




Пленум барысында аудандық құқықтық еңбек инспекторы Ә.Смағұлов кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталса, аудандық комитеттің есепші-маманы А.Туляева қаржы-шаруашылық жұмыстардың есебін берді. Осы жиында алдағы жылға арналған аудандық комитеттің кіріс-шығыс сметасы бекітілді. Салтанатты жағдайда өткен Пленум соңында Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков сала қызметкерлерін марапаттарымен құттықтады.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы.































Жарияланған күні: Қар. 18, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты