ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым - халық арасында зор сенімге, айтулы беделге ие кәсіподақ ұйымы. Бұл қоғамдық ұйым жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры.
Еңбек адамдарының арасында болып, кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын бірден-бір орын. Осы орайда, аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымымен бірлескен жоспар аясында жұмыс жасай отырып, айтарлықтай нәтижелі еңбектерге қол жеткізіп келеді. Бүгінгі күні аудан бойынша білім бөлімі және 3 балалар бақшасы, коррекция кабинеті, музыка мектебі мен жалпы білім беретін орта, негізгі және бастауыш мектеп ұжымдары аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағына 1681 кәсіподақ мүшесі біріктірілген.
Кәсіподақ ұйымының ең қуатты құралы – бұл ұжымдық келісім - шарт. Әлеуметтік еңбек қатынастары мәселелерінің басым бөлігі ұжымдық шарттар арқылы реттеледі. Жұмыс берушілер мен мұғалімдер, жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарына байланысты қарым – қатынастарды реттеуде ұжымдық шарттың рөлі ерекше.
Кәсіподақтарға еңбек заңдылықтарын, еңбек қауіпсіздігін сақтау және басқа да өзекті де әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын табу үшін көп ізденіс қажет.
Осы мақсатта келісім-шарттар Еңбек кодексіне сай жасалып, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар тараптарынан қайта қаралып, келісіліп, өзіндік талаптары мен шарттары бекітілді. Қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру, ұжымдық келісім-шарт жасасу, марапаттау және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталса, кәсіподақ ұйымы қарқынды жұмыс атқарып келеді. Ұжымдық келісім-шарт негізінде айлық табыстары уақытында төленіп, кезекті еңбек демалысы ақысы, сауықтыру жәрдемақысы дер кезінде беріледі.
Бүгінгі күні аудан көлемінде игі істер жалғасын табуда. Оның дәлелі – қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру, ұжымдық келісім – шарт жасау, марапаттау және мәдени, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері мен денсаулығына байланысты қаржылай көмек көрсетілсе, каникул уақытында мұғалімдер «Сарыағаш», «Сосновый бор», «Бурабай» демалу – сауықтыру орындарында кәсіподақ арқылы жеңілдіктермен демалып қайтты.
Әлеуметтік әріптестік мақсаты - мұғалімдер мен жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқығының қорғалуына әркез көмек көрсетіп, қолдау көрсету.
Әрине, бұл-кәсіподақ ұйымдарында ұстаздардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік – экономикалық қызметін қорғауды жетілдіру және бұқара алдында аудан қызметкерлерінің мәртебелерін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі ғана.
Болашақта кәсіподақтар атқаратын жаңаша игі істер көп.
Г.Дауытбаева,
Есіл аудандық білім бөлімінің басшысы,
Солтүстік Қазақстан облысы.