КЕЛЕЛІ. КЕЗДЕСУ, БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
Ел егемендігінің 30 жылдығы аясында Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен ауқымды шаралар өтті. Атап айтар болсақ, «Еңбек қатынастары процесінде туындайтын мәселелер» тақырыбында семимнар-кеңес, сондай-ақ тоғызқұмалақ пен шахмат ойындарының аймақтық турнирі байрағын көтерді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандық білім беру саласы бірқатар реформаларды бастан өткергені белгілі. Күн өткен сайын жетілдіріліп, нығайтылып жатқан саланың өзекті мәселелері мен жаңашылдықтары туралы Жезқазған аймағының мектеп, колледж басшылары мен ұжымдарына кеңінен тарқату үшін Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бөлім басшылары Райхан Мамашиқызы Қыдырбаева мен Ернар Серікқалиұлы Иманбаев арнайы шақырылғанын атап өту керек.
Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының шалғайдағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары «ZOOM» форматында қосылған алқалы жиынды төраға Марат Қоңырбаев ашып, жүргізді.
–«Еңбек адамына – лайықты өмір» деген қағида қарапайым еңбек адамына арналған жалған ұран емес, әрбір азаматтың өмір сүру «аксиомасы» болуы тиіс. Осы мақсатта жарты ғасырлық тарихы бар Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы бізге сенім артқан 25 мыңнан аса мүшенің құқығы мен мүддесін қорғау жолында тынбай еңбек етіп келеді. Кәсіподақ «құқығыма нұқсан келді» деп хабарласқан әр адаммен жұмыс жасайды. Біздің заңгеріміз кәсіподақ мүшелерінің мүддесін түрлі сатыдағы сот процесстерінде қорғап жүр. Соның нәтижесінде заңсыз жұмыстан босатылған 4 қызметкер сот шешімі бойынша өз жұмысына қайта орналастырылды. Одан бөлек, кәсіподақ ұйымының мамандары құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында қала мен аудандардағы білім ошақтарын аралап, әдістемелік көмек көрсетеді. Білім беру ұйымдарына заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылау жасайды. Мәселен, 2017 жылдан бері 5816 тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасы бұзылған 2513 дерек анықталды.
Олқылықтардың орнын толтыру бойынша тиісті лауазымдық тұлғаларға нақты ұсыныстар берілді. Жалпы, соңғы жылдары жұрттың кәсіподаққа деген сенімі артқаны байқалады. Кәсіподақтың көмегіне жүгінушілердің көпшілігі әлеуметтік желі мен телефон арқылы байланысқа шығады. Сұрақтардың басым бөлігі жалақы мен үстемақы төлеу, еңбек демалысы, еңбек шартына қатысты. 2020 жылдың өзінде бізге кәсіподақ мүшелерінен 256 өтініш түсті. Өтініштер жан-жақты қаралып, кәсіподақ мүшелерінің мәселелері оң шешімін тапқан, – деген Марат Сейілбекұлы бастаған құрметті қонақтар кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін аймақ педагогтарын марапаттады.
Олқылықтардың орнын толтыру бойынша тиісті лауазымдық тұлғаларға нақты ұсыныстар берілді. Жалпы, соңғы жылдары жұрттың кәсіподаққа деген сенімі артқаны байқалады. Кәсіподақтың көмегіне жүгінушілердің көпшілігі әлеуметтік желі мен телефон арқылы байланысқа шығады. Сұрақтардың басым бөлігі жалақы мен үстемақы төлеу, еңбек демалысы, еңбек шартына қатысты. 2020 жылдың өзінде бізге кәсіподақ мүшелерінен 256 өтініш түсті. Өтініштер жан-жақты қаралып, кәсіподақ мүшелерінің мәселелері оң шешімін тапқан, – деген Марат Сейілбекұлы бастаған құрметті қонақтар кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін аймақ педагогтарын марапаттады.
Ы.Алтынсарин медалінің иегері Сара Әбікерованың, №11 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Балқия Байтасова мен №24 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Светлана Заозерованың кеудесіне «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісі тағылды. Ал, Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің директоры Бота Аман, кеншілер қаласындағы №3 орта мектептің, Абай атындағы №4 меткеп-лицей мен №1 мектеп-гимназияның директорлары Шолпан Адамьянова, Гүлмира Жаппасова, Ғалия Иманбаева-Қазбекова және сәтбаевтық ұстаздар Іргебай Әбдікәрімов пен Оразалы Жанәділов, сондай-ақ жезқазғандық Салтанат Мерғалиева «Білім және ғылым қызметкерлерінің кісіподағына сінірген еңбегі үшін» белгісін иеленді. №8 гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Ахметова республикалық үздік бастауыш кәсіподақтарының байқауына қатысқаны үшін 100 мың теңгелік сертификаттың иегері атанып, Алғыс хатпен еленді.
Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа, Шет пен Ақтоғай аудандарының кәсіподақ ұйымы төраға-төрайымдары мен кәсіподақ белсенділерін дөңгелек үстелдің басына жинаған семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өрбіді. Құқықтық сауаттылықты арттырып, әдістемелік көрмек көрсетуді мақсат тұтқан жиынның тізгінін алған Райхан Қыдырбаева біздің ұстаздарды толғандырған біліктілікті арттыру мен аттестациядан өту тәртібі, жыл сайынғы еңбек демалысына, денсаулығына байланысты еңбекке араласа алмаған күндеріне төленетін қаржы көлемі, сонымен бірге қосымша ақы төлеу, көршілес елдерге барып тәжірибе алмасу мүмкіндігі жайындағы сауалдарға тұшымды жауап берді.
Семинар-кеңестің жұмысы байрақты бәсекемен жалғасын тапты. Арысы Балқаштан, берісі Ұлытау ауданынан асыға жеткен ойыншылар – бұған дейін аудандық-қалалық деңгейде өткізілген турнирлердің жеңімпаздары.
–Үш онжылдық ішінде көк байрағы көкте желбіреген Қазақстанның бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге айналуында білім саласы қызметкерлерінің де үлесі бар. Сіздер еліміздің мәртебесін биіктетіп, әлемге шарықтай беруіне қосары қомақты бәсекеге қабілетті, білімі толысқан, жүрегі елім деп соғатын патриоттардың бірнеше буынын тәрбиеледіңіздер. Әлі де осы жолда аянбай келесіздер, – деп аймақтық турнирді құттықтау сөзімен ашқан Марат Қоңырбаев мықты мемлекеттің іргетасын бекемдеудегі ұстаздардың еңбегіне алғыс білдіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.
4 қала 4 ауданнан келген педагогтар намысты қолдан бермей, тартысты ойын көрсетті. Жарыс алаңына шыққан білім саласының қызметкерлеріне ой жарыстырумен қатар, тәжірибе алмасуға, бір-бірімен әріптестік байланыс орнатуға мүмкіндік берген турнирдің ұйымдастырушысы бәйгеге ақшалай сыйлық тікті. Жалпы, аймақтық турнирден марапатсыз қайтқандар болмады. Турнирдің белсенді қатысушылары жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандарымен қатар сый-құрметке бөленіп, елеп-ескерілді.
Турнирдің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар Елордада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының мұрындық болуымен өтетін республикалық турнирге жолдама алды.
Жезқазған аймақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
-
Фото
-