• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ШУДА ӨТКЕН МАҢЫЗДЫ …

ШУДА ӨТКЕН МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАР







Жамбыл обылыс Шу ауданы №40 мектеп-лицейдің мәжіліс залында еңбек заңнамасында орын алған өзгерістер мен 2021-2023 жылдарға арналған білім саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен ұжымдық шарттың ерекшеліктеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Перизат Қосахова, білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.




Семинарда Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков педагогтар қауымына салалық кәсіподақ ұйымының бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында кеңінен әңгімеледі. Былтырғы пандемияның еліміздің әлеуметтік дамуына кері әсер еткенін, білім саласына тигізген кесірін, ел тұрғындарына, оның ішінде білім саласы қызметкерлерінің табысына келтірген зардабы және кәсіподақтардың ол тығырықтан шығу жолдарына тоқталды.


Сонымен бірге, өткір тұрған көкейкесті мәселелерді де айналып өтпей, педагог емес санаттағы қызметкерлердің жалақысын өсіру, зейнетке шыққан ұстаздарға оқу жылының соңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беру, мамандығына сәйкес емес лауазым бойынша жылдар бойы жұмыс атқарып, біліктілік санаттарына ие болған ұстаздарға сол санаттарын сақтап қалуға мүмкіндік беретін нормалардың барлығы да әлеуметтік әріптестік арқылы шешімін тауып отырғандығына тоқталды.




Ал Шу аудандық комитеті филиалының ІV Пленумында «Кәсіподақтың жарғылық талаптарды орындау жағдайы және қоғамдағы рөлін күшейту мен еңбекшілердің сенімін нығайту міндеттері туралы» аудандық комитет төрайымы Аида Бекмурзина есепті баяндама жасады. Қазіргі таңда Шу аудандық кәсіподақ ұйымының құрамындағы 5414 мүше 86 бастауышқа біріккен. Ұжымдық шартқа сәйкес, ауданда мектепке дейінгі білім мекемелері мен қосымша білім мекемелерінің есепшілеріне 30% қосымша, ал 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарындағы кітапхана қызметкерлерінің еңбек ақысы 35%, медициналық қызметкерлерге - 15-50%, қаржы-экономикалық қызмет мамандарына - 30-50% арттыру құқығына қол жеткізілген. Дегенмен, 2016жылы қолданысқа енген еңбекақы төлеудің жаңа моделінде ескерусіз қалған әдістемелік, циклдық және пән бірлестіктеріне жетекшілік үшін ІЛЖ 25% мөлшерінде қосымша ақы төлеу мәселесі Шуда шешімін таппай отырғанын комитет төрайымы жасырмады.


Жарыссөзге шыққан С.Сейфуллин атындағы мектептің БКҰ төрайымы А.Ниязалиева білім саласы қызметкерлерінің мұң-мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетуде кәсіподақ комитетінің ықпалызор екендігін, сондықтан да қызметкерлердің кәсіподаққа сенімі арта түскенін айтты. Ал аудандық кәсіподақтың жастар қанатының жетекшісі ЕрмаханДаулетәлі биыл ауданға келген 103 жас маманның тек 8 ғана «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына ілініп, көтерме алғанын, Ұлттық біліктілікті арттыру тестіндегі сұрақтарды да нақтылау қажеттігіне тоқталып,ұстаздар мәртебесі туралы да ой қозғады.




- Мұғалім - әркімнің бір іліп әкетер қолжаулығы емес. Жұмысқа қабылданғалы жиі еститінім,«Қазіргі балалар басқа» дейді, ал сол психологияны өзгертіп отырған өзіміз деп ойламайсыздар ма? Қандай заң шығып, қаулы қабылданса да ұлттық бала оқытудағы дәстүрлерімізден ажырамауымыз керек, - дейді жас маман.




Осындай мазмұнды іс-шаралардан кейін облыстық кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бірқатар ұстаздарды тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай марапаттады. Олардың қатарында «Білім және ғылым кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған №40 мектеп-лицей директорының орынбасары Эльмира Кийкбаева, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауының қатысушысы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің бастауыш ұйымы бар.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы.









































Жарияланған күні: Қар. 15, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты