• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІМДІ БИІККЕ ШЫҒА…

БІЛІМДІ БИІККЕ ШЫҒАРҒАН ТҰЛҒА



Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Атырауда Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ және «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен КСРО Халық мұғалімі, Атырау облысының Құрметті азаматы, профессор Қ.Айтқалиевқа арналған «Рухани жаңғыру: Жаңартылған білім беру және тәрбие» атты тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.



Алдымен конференцияға қатысушылар энциклопедист-ғалым Х.Досмұхамедов ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін жасады. Содан соң Атырау университетінде үш бағытта секциялық жұмыстар жүргізіліп, олардың қорытындылары конференцияның пленарлық мәжілісіне ұсынылды.



Аталмыш мәжілісті «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Сүндетұлы кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Конференцияға қатысушыларды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті басқарма төрағасы – ректор С.Н. Идрисов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының президенті, PhD докторы, халықаралық академияның педагогикалық білім бойынша корреспондент мүшесі Ғ. Б.Бисембаев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А. Мұқашева құттықтады.



Конференцияда Атырау облыстық білім басқармасының басшысы С.Ы. Есенғалиев, белгілі қоғам қайраткері, т.ғ.д., профессор Ө.О. Озғанбаев, «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұхановтар құттықтау сөз сөйлеп, конференцияны ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді және күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде ой өрбітті.



Күн тәртібіне сай ғылыми-тәжірибелік конференцияда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, п.ғ.к. Ш.Н. Нағимов «Халық мұғалімі Қ.Айтқалиевтың тағылымы», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика және психология институты директорының орынбасары, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Қ. Дүйсенбаев «Қ.Айтқалиевтың ағартушылық мұралары», Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және Қазақстан тарихы пәндері зертханасының меңгерушісі, философия докторы, (PhD), қауымдастырылған профессор А.Қ. Жүндібаева «Қазақстанда халық ағарту ісін және мемлекеттік тілді дамытудағы Қ.Айтқалиевтың қосқан үлесі туралы», Назарбаев университетінің профессоры, п.ғ.д. Г.С. Құрманбай «Абай – ұлтымыздың мәдени капиталы», Атырау қаласындағы М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, республикалық «Үздік педагог – 2021» атағының иегері Ж.Р. Бекбусинова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуеті-кәсіби бастамашылығын дамыту» атты тақырыбында баяндамалар жасады.



Конференция барысында 1990 жылы «Қазақфильм» студиясының қызметкерлері Ж.Әзізханов, Н.Ахтанов және С.Келдібаев түсірген жарты сағаттық деректі фильмінен үзінділер көрсетілді.

Пленарлық мәжілісте бір топ белсенді педагогтарға Алғыс хаттармен, барлық қатысушыларға сертификат пен конференция материалдарының жинағы табыс етілді.

Конференция соңында тиісті қарар қабылданды.


Жарияланған күні: Қар. 15, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты