ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ
Кентау қаласындағы «Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» ұстаздары Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына мүше болды.
Мектеп-интернат 2001 жылдың қыркүйек айында ашылған. Соңғы 5 жылдың ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар сайысында 133 жүлдегер, Мектеп-интернат оқушыларының тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстаздарына алғысы шексіз. Оқу ордасынан Республикалық ғылыми жоба сайысында 64 жүлдегер, Халықаралық ғылыми жоба сайысында 16 жүлдегер шықса, Республикалық жаратылыстану-математика бағыты бойынша Президенттік олимпиада сайысында 8 жүлдегер, Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде 114 жүлдегер, әр түрлі деңгейдегі республикалық олимпиадада 32 жүлдегер атанды.
Мектеп-интернат Қазақстанның «үздік 100 мектебі» рейтингісі бойынша алғашқы мектептердің қатарынан көрінді.
Ел болу - болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие - ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымына мүше болған әріптестерге сәттілік тілейміз.
-
Фото
-