• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МАҢҒЫСТАУДА «WORLDS…

МАҢҒЫСТАУДА «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN- ШЕБЕРЛІККЕ ҚАДАМ» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында VI республикалық «Worldskills Kazakhstan» чемпионаты басталды.

Маңғыстау облыстық туризм колледжінде «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша республикалық байқаудың ашылу салтанаты өтті.



Әр аймақтан келген 15 студент пен сарапшылар өз бақтарын сынады. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова қатысушыларға сәттілік тілеп, өз лебізін жеткізді.

«WorldSkills» чемпионаты техникалық және кәсіптік білім саласындағы басты көрсеткіштерінің бірі болып отыр. Республикамыздың 180 колледжі «Жас маман» жобасы бойынша жабдықталып, ұлттық чемпионатты өңірлерде өткізу мүмкіндігі туды.



«Маңғыстау туризм колледжінің базасында бұл байқаудың өтуі біз үшін өте маңызды. Сіздер әрбір сала мамандықтарын халықаралық деңгейге сай дәрежеде меңгеріп, шетелдік кадрларға бәсекелестік тудыратын маман болуларыңыз қажет. Себебі қазір елімізде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес әр өңірде жаңа өндірістік кәсіпорындар салынуда. Оларға білікті кәсіби жұмысшы мамандар ауадай қажет», - деді Гүлмира Қалмұратова.



Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, WorldSkills Ұлттық чемпионатына қатысу үшін өңірлік құрамды дайындау.



Ең үздік жұмысшы мамандықтарын анықтау үшін 2 күн қатарынан 6 сарапшы қатысушылардың орындаған тапсырмаларының сапасын бағалады.



Айта кетейік, бүгін конкурстың қатысушылары үшін жұмыс орындарын дайындау кезеңі өтеді. Содан соң «Aktau Tourism City Ltd» RIXOS қонақ үйіндегі TETYSBLU паркіне экскурсия жүргізілді. 9, 10, 11 қараша күні конкурстың негізгі бөлімі өткізіліп, 11 қарашада CIS бағалау жүйесінде қорытындысы шығарылды.



Ақтау қаласы Маңғыстау туризм колледжінің базасында «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша өткен «WorldSkills Kazakhstan 2021» VІ Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының конкурстық бөлігі өз мәресіне жетті.



Чемпионаттың конкурстық бөлігінің жабылу салтанатына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Тәрбия Анайбекқызы Баимбетова қатысып, конкурстың аяқталуымен құттықтап, қатысушылар мен сарапшыларға естелік сыйлықтар табыстады. Маңғыстау туризм колледжінен қатысқан студентіміз Мажитов Мадиярға жеңіс тілейміз.




«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ


Жарияланған күні: Қар. 12, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты