• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТ…

ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ





Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы білім және ғылым қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан және тоғызқұмалақтан облыстық турнир ұйымдастырды. Спорттық жарыс ұлттық зияткерлік спорт түрін насихаттау және дамыту мақсатында өткізілді.




Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла, «Visit Center Turkistan» орталығының директорының орынбасары Абдукаримов Тұрсынхан, Халықаралық шахмат қауымдастығының мүшесі Қуанышбек Джумадуллаев, Қазақстан педагогикалық академиясының профессоры Алима Сунетіллақызы алғы сөздерін айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.




Турнир швейцария жүйесі бойынша өткізілді. Турнирге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене мәдениет» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Серік Ақназаров және «ССК Астана» спорт клубының жаттықтырушысы Асхат Құрманғалиұлы төрелік етті. Жарысқа Түркістан, Кентау қалаларынан бөлек Сауран, Сайрам, Сарығаш аудандарының үздік спорт шеберлері қатысты.




Жарыс ережесі бойынша жеке турнирлердің жеңімпаздары ең көп ұпай саны бойынша анықталды. Екі және одан да көп қатысушылардың ұпайлары тең болған жағдайда, жеребе бағдарламасына енгізілген коэффициент шешті. Жеке турнирде бірінші орынды анықтау кезінде, егер барлық қатысушылар бір-бірімен ойнаған болса, жеке кездесу негізгі көрсеткіш болып табылды.



Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды:



Шахмат бойынша (ерлер арасында).




І. Өтеубеков Бектас. Түркістан қ.

ІІ. Абдукаримов Әлібек. Сарығаш ауданы.

ІІІ. Анарбаев Шахзод. Сауран ауданы.




әйелдер арасында:




І. Дуйметова Насиба. Кентау қ.

ІІ. Нұржанбаева Әлия. Сауран ауданы.

ІІІ. Раймова Фатима (Кентау қ.) және Қожамжарова Баян (Сайрам ауданы).




Тоғықұмалақ бойынша (ерлер арасында):




І. Төлегенов Маратбек. Сайрам ауданы.

ІІ. Әбішов Хамза. Түркістан қ.

ІІІ. Нұрбаев Ербол. Кентау қ.




әйелдер арасында:




І. Худайберген Гүлниса. Сауран ауданы.

ІІ. Тұрғынбаева Гүлбану. Сайрам ауданы.

ІІІ. Джуматаева Ақмарал. Түркістан қ.




Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізген және Түркістан қаласының брендтелген өнімдерін қатысушыларға сыйға тартқан «Visit Center Turkistan» орталығының директоры Өткір Амангелдіұлына, «TURKISTAN» телеарнасының продюсері Ұлмира Нұрмаханқызына және облыстық «Farab Library» ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Жанат Садыбекқызына арнайы алғысымызды білдіреміз.




Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы







Жарияланған күні: Қар. 10, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты