«БИІККЕ БАСТАУ АЛҒАН - «БӘЙТЕРЕГІМ»
Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдары, әсіресе мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде.
Мемлекетіміздің болашақта өркендеуі, дамуы, гүлденуі үшін білімді жастар қажет, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар жастар мемлекетіміздің көшбасшысы, ілгері бастаушысы болып қалыптасуы керек. Қазіргі таңда дамып келе жатқан әлемде бөбек шақтан заман ағысына төтеп бере алатын жеке тұлға болып қалыптасуға балабақша ұясы үлкен септігін тигізеді. «Бала -бақыт, бала нұр» демекші, бүгінгі мәпелеп, аянбай тәлім-тәрбие беріп, өсіріп жатқан бүлдіршін-балғындарымыз егеменді еліміздің болашағы.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қарағанды қаласының, Қазыбек би ауданына қарасты, Астана шағын ықшам ауданында 2011 жылдың 29 желтоқсанында 480 орындық балаға арналған үш қабатты «Бәйтерек» бөбекжайы салтанатты түрде ашылған болатын. Балабақша іші кең, жарық, таза, соңғы үлгідегі заман талабына сәйкес жабдықталған. Жаңа үлгіде салынған білім беру ордасының басқару кілтін облыс әкімі Қарағанды қаласында жас бүлдіршіндерге тәрбие мен білім беру жүйесінде үлкен еңбек атқарып жүрген, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Тебай Рашида Үмбетқызына ұсынды.
Білікті басшының бастамасымен әрбір топ қазақша атаумен аталып, 12 топ қазақ тілді, ал 4 орыс тілді топ болып құрылды. Бүлдіршіндерді қарсы алатын қабылдау бөлмесі, ойнайтын, тамақтанатын, жуынатын, жатын бөлме барлығы баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әсем түстермен әрленген және жабдықталған. Ата-аналар балаларын заман талабына сай білім мен тәрбие беретін ошаққа қуанышпен, үлкен сеніммен білікті тәрбиеші мамандарға тапсырады.
Бүлдіршіндердің күлкісі мен қуанышына бөленген «Бәйтерек» бөбекжайы биыл 10 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Қазіргі таңда ұжым мерейтойға дайындық үстінде. Ұжымның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, білімге бейім, жан-жақты дамыған, дені сау тұлға тәрбиелеу.
«Бәйтерек» бөбекжайының жаңа кезеңдегі өзекті мәселесі, жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру мен құнды қасиеттерді бойларына сіңіру. «Бәйтерек» бөбекжайы 2014 жылдан бастап Республикалық «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық жобаға қатысты. Ал 2019 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымына енгізілді. Барлық атқарылып жатқан іс-шаралар «Бөбек» ҰҒПББСО және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірігіп атқарылады. Сонымен қатар «Болашақ» маңызды білім беру колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледждерімен серіктестікте жұмыстар атқарылып отырады. Осы аталған оку орындарының түлектері қазіргі уақытта біздің бөбекжайда еңбек етуде. Тәрбиелеудің жақсы стилі – бұл балаларды отбасымен бірге ынтымақтастықта тәрбиелеу. Педагогтың жылы жүрек, нұрлы ақылмен жасаған шығармашылық шабыты ата-ана мен жұмыстың ең негізгі іргетасы.
Бөбекжайда балалармен ұйымдастырылған іс-шараларға, көрмелерге, ойын-сауықтарға, ата-аналар белсене қатыса отырып, алған үлгі өнегелерін, күнделікті бала тәрбиесіне қолдана отырып, өз баласына үлгі болуына және балабақшамен отбасы арасындағы ынтымақтастықты арттыруына ықпал етеді. Балабақша ашылған күннен бастап оқыту мен тәрбие беру үрдісінде атаулы іс-шаралар атқарылып, педагогтер мен бүлдіршіндер көп жетістіктерге жетуде.
Бүлдіршіндеріміз Халықаралық, Республикалық, облыстық және қалалық зияткерлік сайыстарға үзбей қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Педагогтарды ізіне ертіп, жас мамандарға үлгі болып, жол көрсететін алда тұрған міндеттерді абыроймен жүзеге асыруды қамтамасыз етуде бар күшін салып отырған басшымыз Р.Тебай «Бәйтерек» бөбекжайының көркейіп гүлденуіне ұжымның ауызбіршілігі мен шығармашылығы, заманауи ғылым – білімді меңгерген, жан-жақты білікті мамандардың қолында екендігін айтып отырады. Бөбектерге білім мен тәрбие беру, тынбай жұмыстар жүргізудің арқасында «Бәйтерек» бөбекжайы Қарағанды қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, рейтинг көрсеткіші бойынша үнемі алдыңғы қатарда. Бұл әрине балабақшамыздың жеткен биік белестері деп білеміз. А.Байтұрсынов: «Ұрпағы білімді елдің, болашағы бұлыңғыр болмайды» деген, жаңартылған білім жүйесі бойынша бала өзінің балабақшада алған білімін, мектеп қабырғасында жалғастырып, өз өмірінде пайдалана білуі керек. Сондықтан біздің педогог-мамандарға көп жауапкершілік жүктелген. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.
Педагогтардың біліктілігін арттыру, өзіндік жұмысымен, балалармен ҰОҚ, балабақшаның оқу жылында алға қойған міндеттеріне сүрінбей жетуіне бағыт-бағдар беріп отыратын әдіскерлер Марина Есмаханова, Зибагүл Ныгыметова, педогог-психолог Татьяна Митренько, логопед Жанара Бопишева, қазақ тілі маманы Саида Конкаеваның еңбектері зор. Ұжым жыл сайын жас мамандармен толығып отырады. Жас маманның жұмысын жемісті етіп, тәжірибесіне үлгі –өнеге көрсететін білікті тәлімгер тәрбиешілеріміз Салтанат Садықова, Әсемгүл Аязбаева, Бейсегүл Айғырова, Жұлдыз Уатаева, Фальмира Аширбекова, Бақытгүл Косикова, Марал Хананова. Жас мамандарымыз Әлемгүл Аманжол, Айзада Азанбай, Анастасия Попова, педагогтар жыл сайын өз тәжірибелерімен республикалық, облыстық, қалалық конференцияларға қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Басшымыз Тебай Рашида бастаған ұжым, және озат тәжірибелі педогогтар Армения, Беларусь, Қазақстан елдері арасындағы «Лучшие люди - лучшее образование» Халықаралық энциклопедиясының беттерінде жарық көрді. Балабақшаның логопед - маманы Жанара Бопишева Қарағанды облысының білім саласындағы «100 жаңа есім» жобасына ұсынылып, есімі энциклопедияға енді. Баланың денсаулығын нығайту барысында медициналық алдын-алу, тамақтанудың санитарлық талаптарын үнемі катаң түрде бақылап отыратын медбике Гулзира Насырова, бөбекжай директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Күләш Разакованың еңбектері ерекше.
Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік –экономикалық ахуалы тұрақталып, кәсіподақ ұйымының жұмысы да күн сайын артып келеді. Бөбекжайдағы барлық әріптестер кәсіподақ мүшелері, ұжым өзіне жүктелген жұмыстарды бір кісідей ұйымшылдықпен атқарады. Кәсіподақ ұйымы үнемі мектеп ұжымымен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғай отырып, ұжымдық келіссөздер жүргізіп, ұжымдық шарттың мазмұны қызметкерлердің мүдделеріне сай болуын қамтамасыз етеді.
Қарағанды облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Самойлюк педагогтардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қолдау көрсетіп жүретін тәжірибелі басшы. Сонымен қатар біздің бөбекжай Қазыбек би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы (төрайымы А.Ракишева) ұйымдастыратын барлық іс-шараларға белсене қатысады. Қазыбек би аудандык кәсіподақ ұйымы қалалық білім беру ұйымдары арасында, түрлі байқауларды ұйымдастырып, педогогтардың мәртебесін көтеруге қолдау көрсетіп отырады. Біздің ұжымда қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, бөбекжайдың намысын қорғаудан жалыққан емес. Карағанды каласының 85-жылдық мерейтойына арналған байқауда біздің ұжым бас жүлде «Гран При» жеңіп алып арнайы Дипломмен марапатталды.
Жаңартылған білім жүйесі, болашаққа бастар жол, сондықтан жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Балаларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой-өрісін, тілін дамыту, ақпараттық технологияларды қолдану біздің басты міндетіміз. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ол ертеңгі жарқын болашақ.
Міне, 10-жылдың ішінде биік жетістіктерге жеткен «Бәйтерек» бөбекжайының директоры Тебай Рашида Үмбетқызын және ұжымды 10 жылдық мерейтойымызбен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұжымға шығармашылық табыс, береке-бірлік, сәбилер шаттығын, еңбектің жемісін тілейміз! Тәуелсіз ел тұғырын ұстайтын жас бөбектерді тәрбиелеп отырған «Бәйтерек» бөбекжайы құлашын кеңге жая берсін!
З.Ныгыметова,«Бәйтерек» бөбекжайы ҚМҚК
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыҚарағанды қаласы
-
Фото
-