ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында шахмат пен тоғызқұмалақтан турнир өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізген шарада облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов барша кәсіподақ мүшелерін құттықтап, шараны ашық деп жариялады.
Аталған жарыстың төрешілері Мубашир Қалдыбаев пен Ардақ Сатыбалдинова қатысушыларды ережемен таныстырып, шараның мақсатын анықтап берді.
60 жуық кәсіподақ мүшелері қатысқан жарыс екі күнге созылды. Оқушылар сарайында өткен турнирде ойыншылар 7 айналым бойы өзара бақтарын сынады. Мықтыларды анықтады.
Нәтижесінде тоғызқұмалақтан ерлер арасында І орынды Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Ержан Жұмайбеков, ІІ орынды Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Сәкен Түбекбаев, ІІІ орынды Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектебінің мұғалімі Нұрқуат Байтулаков, әйелдер арасында І орынды Көксу ауданы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектептің мұғалімі Аружан Хавал, ІІ орынды Ескелді ауданы, Мичурин атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі Гүлмира Гімің, ІІІ орынды Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Дания Оспанбекова иеленді.
Ал шахматтан ерлер арасында І орынды Сарқан ауданы, Тасар орта мектебінің мұғалімі Марат Сегізбаев, ІІ орынды Ескелді ауданы, Маметов атындағы орта мектептің мұғалімі Әділқазы Серғазы, ІІІ орынды Көксу ауданы, Б.Құндақбаева атындағы орта мектептің мұғалімі Бағдат Қайсанов, әйелдер арасында І орынды І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы Жемісжан Иманғазинова, ІІ орынды Сарқан гуманитарлық колледжінің оқытушысы Нағима Садықова, ІІІ орынды Көксу ауданы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің мұғалімі Айгүл Абайқызы еншіледі.
Жоғары да көрсетілген жеңімпаздарға облыстық ұйымның Дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Шахмат пен тоғызқұмалақтан өткен жарыста І орынды иеленген кәсіподақ ұйымының мүшелері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастыратын турнирге жолдама алды. Алдағы уақытта Алматы облысының атынан сынға түсетін болады.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі