• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ КОМ…

ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ



Еңбек және салалық заңнаманы, әлеуметтік әріптестік актілерін тәжірибеде қолданудың сұрақтарына арналған кезекті семинар Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің мәжіліс залында өтті. Жамбыл облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова бастаған білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, қаржы-экономикалық және кадр қызметінің мамандары қатысты.



Семинарда алғашқы болып жергілікті кәсіподақтың жарғылық міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы ақпаратымен Ерұлан Мағзымбеков баяндама жасап, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.



Бұдан соң семинар бағдарламасына сәйкес «Еңбек және салалық заңнамадағы өзгерістер: 2021-2023 ж.ж. әлеуметтік әріптестік актілерін жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында төраға орынбасары-құқықтық қызмет басшысы Берік Баймағамбетов, «Педагог қызметкерлерді аттестаттау Ережесі мен тәртібінің түйткілдері мен оны шешу жолдары» тақырыбында облыстық аттестаттау комиссиясының мүшесі Жанболат Орынбеков дәріс оқыды.



Осы күні Кәсіподақтың Жамбыл аудандық комитетінің VІ Пленумы да өтті. Негізгі баяндаманы аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ернар Тәжібаев жасаса, жарыссөзде аудандық құқықтық инспектор Айгерім Сарсенбаева, Абай атындағы орта мектептің директоры Қайыржан Сейсенғалиев, Шайқорық орта мектебінің БКҰ төрайымы Нұршакүл Сапарбаева еңбек қатынастарында кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау, еңбек кауіпсіздігі, сауықтыру мен оқыту сынды шаралар әлеуметтік серіктестік пен ынтымақтастық принциптері негізінде құрылып, конструктивті диалог арқылы шешіліп жатқандығын жеткізді. Пленумда көтерілген келелі мәселелер бойынша Қаулы қабылданып, тараптарға бірқатар міндеттер жүктелді.



Алқалы жиын соңында кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан қажырлы еңбегі мен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері марапатталды.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы.


Жарияланған күні: Қар. 5, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты