• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚТЫҢ КӨШПЕЛ…

КӘСІПОДАҚТЫҢ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ



Бүгін Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Байзақ ауданындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Еңбек және салалық заңнаманы, әлеуметтік әріптестік актілерін тәжірибеде қолданудың бірқатар сұрақтары» тақырыбында көшпелі семинар өтті.



Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев, аудандық білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.



Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбековтың кәсіподақтың жарғылық міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы кіріспе сөзінен кейін «Еңбек және салалық заңнамадағы өзгерістер: 2021-2023 ж.ж. әлеуметтік әріптестік актілерін жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында Төраға орынбасары-құқықтық қызметтің басшысы Берік Баймағамбетов ақпарат берді.



Бұдан соң тыңдаушылардың назарына Кәсіподақ филиалының төрағасы Жанболат Орынбековтың «Педагог қызметкерлерді аттестаттау Ережесі мен тәртібінің түйткілдері, оны шешу жолдары» тақырыбындағы дәрісі ұсынылды. Жиын соңы білім саласындағы еңбек қатынастарының өзекті мәселелері аясындағы сұрақ-жауап сағатына ұласты.



Күннің екінші жартысында Кәсіподақтың Байзақ аудандық комитетінің ІV Пленумы өтті.

Алқалы жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев әлеуметтік әріптестік шеңберінде атқарылған жұмыстардың есебін берді.



Өз есебінде ауданның бас ұстазы өңірдегі барлығы 91 білім беру мекемесі мен ұйымдарындағы 22 128 оқушыға 2959 педагог білім беріп жатқандығын, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 20 педагог жұмысқа қабылданып, 10 педагогқа көтерме жәрдемақы берілсе, 8 педагогқа несиеге үй алуға көмек берілгенін айтты. Биыл 1535 педагог біліктілік санатын көтеріп, олардың айлық жалақыларына 30-50% аралығында қосымша ақы төленуде. Биыл аудандағы 5227 сала қызметкерін тегін дәрігерлік тексеруден өткізуге 4 млн. 629 мың теңге бөлінген. Салада қызмет жасайтын 1967 кіші қызметкерге барлығы 4 млн. 600 мың теңгеге арнайы киім мен тазалау материалдары берілгеніне тоқталды.



Ал аудандық кәсіподақ төрағасы Елнұрбек Ермеков ұстаздардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы іс-шараларға тоқталды. Күн тәртібіндегі негізгі баяндаманы талқылау барысында Кәсіподақтың аймақтық құқықтық инспекторы Ляззат Айтқұлова, №1 мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Болатбек Басықараев қосалқы баяндама жасады. Жиын барысында аудандық комитеттің 2022 жылға арналған кіріс-шығыс сметасы бекітіліп, көтерілген мәселелер бойынша Қаулы қабылданды.

Шара соңында еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысып, білім мен кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар кәсіподақ белсенділерінің еңбегі кәсіподақтың республикалық, аумақтық және облыстық бірлестіктерінің марапаттарымен аталып өтілді.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы.


Жарияланған күні: Қар. 3, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты