ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қалалық филиалы білім саласының қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізді.
Екі күнге созылған жарысқа Талдықорған қаласындағы білім беру мекемелерінен жалпы саны 18 команда қатысты.
Әнұранмен басталған шараны Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов өз сөзімен ашып, кәсіподақ мүшелерін құттықтады. 2021-2022 оқу жылының бірінші тоқсанында ұйымдастырылған жарыстың мақсатын анықтап берді. Алдағы жоспарымен бөлісті. Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда кәсіподақтың ықпалы жайында айтып өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған волейболда Такенов Ильяс, Сүлейменова Толғанай, Шағатаев Руслан, Нысанғалиев Арнұр төрешілік қызметті атқарды. Турнирдің жақсы өтуіне бар күштерін салды.
Ұстаздар жарыстың алғашқы күнінде өзара бақ сынасып, ерлер және әйелдерден құралған командалар жарыстың екінші күні кілең мықтыларды анықтады. Жарыстың қорытындысында бас төреші Такенов Ильяс волейбол ойынының өтілу барысына шолу жасап, бекітілген ережеге сәйкес өткенін, жоғары деңгейде ұйымдастырылған айтып, алдағы уақытта ескерілуі тиіс бірқатар ұсынысын жеткізді.
Шараны облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Құлмұханұлы қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
Ерлер арасында І орынды М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы, ІІ орынды Б.Сыртанов атындағы №25 орта мектебі, ІІІ орынды Н. Островский атындағы №8 орта мектебі еншіледі. Ал, әйелдер арасында І орынды М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы, ІІ орынды Еркін ауылындағы №26 орта мектебі, ІІІ орынды №9 орта мектебі иеленді.
«Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ардагер ойыншы» номенациялары бойынша Сауырбаева Күләш, Зинолла Малика. Ильясов Батыл, Иманғалиева Зухра марапатталды.
Барлық жеңімпаздарға Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалы атынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-