• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАС…

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ – ҰЛЫ ДАЛА ТІРЕГІ»



Жаңаөзен қаласындағы Оқушылар шығармашылық үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жаңаөзен қаласының 53 жылдық мерейтойына орай осындай тақырыпта жас мамандар арасында дебат турнирі өтті.



Турнир алғаш рет Америкалық Парламенттік Форматта ұйымдастырылды. Турнир ережелерімен таныстыруға қаламыздың белсенді жас дебатшысы Байтуреев Қасым Рахматуллаұлы атсалысты.



Жалпы білім беретін мектептердегі жастардың жан-жақты дамуына, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс саяси бағдарларын қалыптастыруға дебат ойындарының орны ерекше.



Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан дебат ойындарын жаңғырту, дамыту ісіне көп көңіл бөлінуде. Министр А.Аймағамбетов: «Дебат – тек зияткерлік ойын емес, ол сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Жастар осылай бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады», - деп атап өтті.



Сөз додасына қаламыздың бастауыш және жалпы білім беретін мектептерінен 18 команда қатысып, 36-ға жуық жас маман пікір сайыстырды. Дебат марафонының тақырыбы аясында қызыл тілді білімгерлер ұлы ойшыл Абайдың қоғамдық-саяси мұрасының күні бүгінге дейін өзекті екендігін тарқата білді. Қызу пікірсайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандар анықталды.



Дебат нәтижесіндегі жүлдегерлер:



І орын: №13 Дарын мектеп-лицейінің " Ақиқат" командасы – Абат Гүлбану Жақсыкелдіқызы, Құлтай Жадыра Болатқызы.



ІІ орын: №17 жалпы білім беру мектебінің "Тұғыр" командасы – Бағысбаев Нұрбақыт Дәулетбекұлы, Төкенова Әйгерім Нұрланқызы.



ІІІ орын: №21 жалпы білім беру мектебінің "Алаш" командасы – Ермекбай Ермахан, Қолдасбаева Жұлдыз.



«Үздік спикер» - №9 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Назаров Жоламан Жәдігерұлы;



«Үздік қорғаушы»- №11 жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі Дәулетназарова Жайна;



«Үздік шешен» - .№4 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Тілекбаева Феруза Жарылқағанқызы;



Барлық жеңімпаздар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қалалық филиалының арнайы кубок, Дипломдарымен марапатталды.



Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Қалалық білім бөлімінің басшысы Құлатай Ысқақ Қашқынбайұлына, Қалалық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Масатова Майжан Жеткізгенқызына, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Қоғамдық Бірлестігінің Жаңаөзен қалалық филиалының төрайымы Райыс Сәрсенқызы Мұқашеваға және төрешілерге алғысымыз шексіз!




М.Жұмабай,

Жаңаөзен қалалық №10 орта мектептің жас маманы.

Маңғыстау облысы


Жарияланған күні: Қаз. 22, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты