• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІРЛІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН …

БІРЛІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН – КӘСІПОДАҚ



Осындай атаумен Тәуелсіздіктің 30 жылдық аясында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Махамбет аудандық комитеті» Филиалының тимбилдингі ұйымдастырылды.



Шараның басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерін қолдау, ынталандыру.

Тимбилдингінің салтанатты ашылу сәтінде биылғы «Кәсіподақтардың бастауыш ұйымы жылы» аясында жүзеге асырылған игі істер туралы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Сүндетұлы және Махамбет аудандық комитет филиалының төрайымы В.Б. Қабышева қысқаша хабарлама жасады.



Сөз соңында Кәсіподақтар және Ұстаздар мерекесіне орай жарияланған байқаулар мен конкурстар жеңімпаздарының есімдері аталып бірнеше бастауыш ұйым төрағаларына, озат ұстаздарға және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне облыстық, аудандық салалық ұйымдардың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, бағалы сыйлықтары табыс етілді.



Шараның келесі кезеңінде тимбилдингке қатысушылар ортаға шақырылып, психолог маман тренинг өткізді. Оның соңы биге ұласып, жерде топқа бөлу сөздері жазылған тәтті кәмпиттерді бөлісті. Жарысқа қатысушылардың барлығы ауыл сыртындағы Жайық өзенінің бойындағы тоғайға барып, үш түсті киіммен сапқа тұрды. Сол жерде барлығы тиісті тапсырмаларын алды. Бүгінгі шараны жүргізушінің микрофоннан саңқылдаған дауысыда естілді: – Кәсіподақ, сен, мен, ол, Дейді бізге бірге бол. Бөлінгенді бөрі жер, бір шаңырақ ірге бол. Бірлікке ол үндейді, алалауды білмейді. Сүрінгенде жығылып, қолтығыңнан демейді!



Сөйтіп жарысқа қатысушылар 5 кезең бойынша қызықты да, ойлы тапсырмаларларды шапшаң орындауға құлшына кірісті. Әділқазылар олардың сынақ тапсырмаларын орындағаны туралы фотолар мен бейнебаяндарын сараптап, жарыс қорытындысын жариялады. Тимбилдингіде жеңіске жеткен топтар арнайы сыйлықпен және мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды.



«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Махамбет аудандық комитеті» Филиалының ұйымдастыруымен өткен тимбилдингі барша кәсіподақ ұйым жетекшілерінің есінде бірлікке үндеген, еңбек ұжымдарының әр мүшесін еліміздің өркендеуі жолында еселі еңбек етуге шақырған шара болды. Қоштасу сәтінде барлық қатысушылардың әсем әуен аясында шырқаған өлеңі аспанға қалықтап бара жатты:


– Кәсіподақ қамқоршы есім жаңғырып,

Болашағың мәнділік пен сәнділік.

Баршамызға шаттық, бақыт сыйлашы,

Кәсіподақ жасай берші мәңгілік! ...




Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымы


Жарияланған күні: Қаз. 15, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты