БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 8-ші қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы –Достық үйінде Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.
Жаңа белестерден көрінген бүгінгі кәсіподақтар ел экономикасын өркендетуде, әлеуметтік, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде ықпалы күшті қоғамдық ұйымға айналуда.
Білім беру мекемелерінің 37 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерін біріктіріп отырған Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 22 мамырындағы Қаулысына сәйкес, белгіленген 10 қазан – «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесін жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған.
Осы орайда, салтанатты шараның ашылуында алғы сөз алған облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев білім және ғылым саласының дамуына үлес қосқан Асқар Әкішев, Өтебай Құспанов, Александр Мозжухин, Күншығар Ильясов, Күнсұлу Шакенаева, Найла Нарбулова, Сауле Жандалиева, Дина Джангазиева, Татьяна Подгорная, Нұрғаным Жолданова сынды еңбек ардагерлерін құттықтады.
Атаулы шараның қонақтары: Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің мүшесі Софья Ізмұхамбетова – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы төрайымының орынбасары Бауыржан Атауов – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Алғыс хаттарымен, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің мүшесі, қалалық маслихаттың депутаты Серик Мухамбеталиев – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен білім беру саласының бірқатар кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
Ал, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев білім беру жүйесіндегі көп жылғы еңбегі мен кәсіподақ қозғалысын дамыту мен жетілдіруге сіңірген еңбегі үшін бір топ білім беру саласының қызметкерлерін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 – 25 қыркүйек күндері Түркістан қаласында өткен «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқау – сайысының жеңімпазы Тасқала ауданы «Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гулзада Гарифуллина Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаты және 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал, Белсенді қатысқаны үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаты және облыстық кәсіподақ ұйымы атынан заттай сыйлық Шыңғырлау ауданы «А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Асия Таганиязоваға және Сырым ауданы «Аралтөбе жалпы орта білім беретін мектебі» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кайыржан Арыстановқа берілді.
Марапаттау рәсімінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің әншілері өз өнерлерін көрсетіп, тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленді.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы баспасөз қызметі
қызметкерлері кәсіподақ ұйымы баспасөз қызметі
-
Фото
-