КАСІПОДАҚ: ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАУ, ТҰРАҚТЫ ҚҰРМЕТ
10- қазан Қазақстан кәсіподақтары күні. Айтулы мейрам 2019 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздегі кәсіби мерекелердің тізіміне енді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және төл мереке қарасаңында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы салтанатты шара ұйымдастырып, өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Жастар сарайында» өткен салтанатты жиынға «Ақтөбе облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жеңісбек Ақбергенов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Дина Жаманбаева,салалық кәсіподақ активі мен аудандық, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері қатысты.
Шараға жиналғандарды алдымен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова құттықтады.
« Кәсіподақтардың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі бұл - еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады. Соның ішінде білім кәсіподағы- ұстаздардың құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсетіп, мұғалім мәртебесінің өсуіне заң жүзінде ықпал етіп, мүддесін жан-жақты қорғап келеді.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 12 аудандық, 1 қалалық және 590 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Аймақтағы білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын ұйымға 32 мыңнан астам педагог мүше. Бұл мереке осы 32 мың ұстаздың, әрбір кәсіподақ мүшесінің мейрамы. Өйткені олардың әлеуметтік жағынан толық қамтылып, еңбек құқықтарының сақталуы - педагогтардың алаңсыз жұмыс істеуінің, еңбегінің нәтижелі болуының бірден-бір кепілі»,-деді ол.
Одан соң марапаттау рәсіміне кезек берілді. Салтанатты кеште 70- тен астам кәсіподақ мүшесі жоғары марапаттарға ие болды.
Нақтырақ айтсақ:
«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, физика-математика факультетінің деканы Аймұқатов Асқар Тұқпанұлы;
Әйтеке би ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Бекетов Зинел Өтеұлы;
Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, психология пәнінің оқытушысы Жұмағазина Ғалия Орынғалиқызы марапатталды.
«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен
әлеуметтік әріптестер – білім мекемелерінің басшылары
Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры Алданов Айбек Қайырбекұлы;
Шалқар ауданы, Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің директоры, орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Оспанова Әлия Оспанқызы;
Әйтеке би ауданы, Қ.Шаңғытбаев атындағы орта мектебінің директоры
Құлсарина Мәншүк Куканбаевна
марапатталды.
Сондай-ақ, жуырда Түркістан қаласында өткен Қазақстандық салалық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Үздік бастауыш кәсіподақтар ұйымы» республикалық байқауына қатысып, жүлделі ІІІ–орынды жеңіп алған Әйтеке би ауданы, Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі Саимов Саламат марапатқа ие болды.
Салтанатты кеште одан өзге бір топ кәсіподақ белсенділері, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатына ие болды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары облыстық білім басқармасы және кәсіподақ ұйымының бірлескен алғыс хатымен марапатталды. Білім ордаларында еңбек қатынастарын тиімді жүргізіп, кәсіподақ ұйымының жұмысын жүйелі жолға қойған сала үздіктеріне «Мерке» шипажайына жолдама табысталды.
Мерекелік шара жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындары студенттерінің ән-жырымен жалғасты.
-
Фото
-