• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ҰЛТ…

«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ҰЛТ МЕРЕЙІ»



Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы «Ұстаздар күні» және «ҚР Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай «Ұлағатты ұстаз-ұлт мерейі» тақырыбында салтанатты қабылдау ұйымдастырды.



Оған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің проректоры Болат Сериев, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры А. Қабдулова,Алматы облыстық кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Қаһарман Жақсылық, облыс және аудан көлеміндегі мекеме басшылары, кәсіподақ белсенділері, ұстаздар мен сала ардагерлері қатысты.



Салтанатты шарада облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов мерекелік құттықтауын жеткізіп, облыс көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстарды айтып өтті. Ұстаздардың игілігіне жасалып жатқан игі бастамаларды көпшілікке таныстырып, кәсіподақтың маңыздылығы жайында сөз қозғады.



Ал, облыстық деңгейдегі мекеме басшылары шараға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.



Мерекелік шарада кәсіподақ мүшелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, облыс әкімінің, білім басқармасының және облыстық кәсіподақтар орталығы мен облыстық кәсіподақ ұйымының марапаттары табыс етілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жариялаған «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы», «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик», «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атты байқауларының облыстық деңгейі қорытындыланды.Төмендегі кәсіподақ белсенділері жүлдегерлер қатарынан көрінді.



«Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» байқауында Панфилов ауданы, Керімағаш-Арасан орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұ. Жанұзақов, Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Маукенова, Текелі қаласы, №5 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л. Күнайқызы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А. Даутова, Сарқан ауданы, Абай атындағы орта мектеп –гимназиясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә.Боранғазиноваүздіктер қатарынан көрінді.



Ал, «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» байқауы бойынша Панфилов ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің мұғалімі Р.Заитова, Кербұлақ ауданы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Ж.Билибаева, Текелі қаласы, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының іс жүргізушісі Ә. Қалибекова жеңімпаз атанды.

«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауында Текелі қаласы, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының техникалық инспекторы Г.Каржалова, Ескелді ауданы, Т. Рүстембеков атындағы орта мектептің техникалық инспекторы А. Мансурова, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек орта мектебінің техникалық инспекторы Ғ.Баймолда топ жарды.



Жеңімпаздарға облыстық кәсіподақ ұйымының тарапынан дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Байқауға белсене қатысқан кәсіподақ мүшелеріне ынталандыру сыйлықтары табысталды.



Панфилов ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахилям Заитова байқау жеңімпаздарының атынан сөз алып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Қоғамдық жұмыста аянбай еңбек ететіне сендірді.



Салтанатты қабылдауда Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлері өнерлерін көрсетті.




Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі


Жарияланған күні: Қаз. 8, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты