• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – …

БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – ТІРЛІК БАР



Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне орай өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесуге облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.

Жиынды ашқан аймақ басшысы ағымдағы жылдың 7 айында өңірде жаңадан 28 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, кәсіподақ мүшелерінің саны 2112 адамға артқанын, кәсіподақтардың басты міндеті – еңбекшілердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау болып қала беретініне тоқталды.



- Биыл 41 кәсіпорындағы 20 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 26 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыстағы орташа жалақы көрсеткіші алғаш рет 200 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артты. Бұл біріншіден Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бюджеттік мекемелердегі қызметкерлердің айлығы көтерілу есебінен жүзеге асса, екіншіден біздер мен сіздердің бірлескен жұмыстарымыздың нәтижесі.



«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, біз осы бағыттағы ұйымдасқан шараларды жалғастыра беруге тиіспіз. Жыл басынан бергі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері оң бағаланып жатса, онда сіздердің де үлестеріңіз орасан. Сондықтан кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында жемісті жұмыстарыңызға үлкен рақмет айтып, табыс, құт-береке тілеймін, - деді облыс әкімі.

Жиында Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, облыс басшылығының қолдауын айрықша атап өтті.



Бұдан соң Бердібек Сапарбаев кәсіподақтар қызметінің маңыздылығын тілге тиек етіп, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелерін облыс әкімінің және облыстың Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Тараз қалалық комитетінің құқықтық сұрақтар бойынша бас маманы Арман Стыбаев та бар.




П. Бақыт,

Жамбыл облысы.


Жарияланған күні: Қаз. 8, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты