• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ КҮНІНЕ АР…

КӘСІПОДАҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен қазанның алтысы күні сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелері арасында бильярд және баскетболдан облыстық турнир өтті. Ұстаздар күні және Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараға облыс аудандары мен Тараз қаласының білім саласы қызметкерлерінің құрама командалары мен облыстық мәндегі білім мекемелерінің және М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ-нің құрама командалары қатысты.



Іс-шараның басты мақсаты - білім және ғылым саласы қызметкерлері арасында дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануды насихаттау, кәсіподақ ұйымдары арасында шынайы бәсекелестікті дамыту мен кәсіподақ мүшелігімен қамтуға ынталандыру болды. Әнұранның орындалуымен шымылдығы түрілген спорт додасына қатысушыларды Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков құттықтап, жігерлендіре түсті.



- Кәсіподақтар еңбек адамы-кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек жағдайындағы озбырлыққа жол бермеу, өз мүшелерін әлеуметтік қолдаудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы экономикасы нық, даму бағыты айқын азаматтық қоғамды құруда. Кәсіподақтар үшін өз мүшелерінің дені сау, спортты серік еткен ширақ болуы аса маңызды. Сондықтан да, қасиетті Әулие-ата өңірінің спортшы-ұстаздары үшін кәсіби мереке - «Мұғалімдер күні» мен 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне орай бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Соның бірі – бүгінгі спорт додасы. Барлықтарыңызға жарыс жолында сәттілік тілеймін!, - деді кәсіподақ төрағасы.



Спорттың екі түрі бойынша өткен турнирдің 250-ден аса қатысушысын Жамбыл облыстық білім басқармасының Дене тәрбиесі және спорт ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, Самбо күресінен Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аманғали Жартыбаев та құттықтап, турнирдің Ережесімен, ойындардың өту тәртібімен таныстырған соң ойын алаңдарында тартысты бәсеке басталды.

Турнир қорытындысы бойынша бильярдтан ерлер арасында да, әйелдер арасында І орынды Меркі ауданынан келген спортшы-ұстаздар иеленді. Ерлер арасында Қанат Омаров, ал әйелдер арасында Аида Нагимова үздік деп танылды.



Ал баскетбол бойынша ерлер арасында І орынды Тараз қаласының, ІІ орынды Жамбыл ауданының, ІІІ орынды Шу ауданының ұстаздарынан құралған құрама команда иеленіп, байзақтық Ержан Бекжігітов «Үздік ойыншы» атанды. Әйелдер арасында Тараз қаласының спортшы-ұстаздары өзгелерден бәсі биік екендіктерін дәлелдеп, жеңіс тұғырына көтерілді. Турнирдің ІІ орнын Шу ауданының, ІІІ орынды Қордай ауданының ұстаздарынан жасақталған құрама команда иеленді. Төрешілер алқасының шешімі бойынша әйелдер арасында Дулати университетінің ойыншысы Диана Көпбосынова «Үздік ойыншы» атанды.



Турнирдің барлық қатысушылары мен жеңімпаздарына Жергілікті кәсіподақтың атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы.


Жарияланған күні: Қаз. 7, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты