• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН ҰСТАЗ

ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН ҰСТАЗ



Здуалиев Қайыргелды Қабжанұлы - Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарып келеді.



Еңбек тәжірбиесі мол, мамандығын жетік меңгерген өз ісінің шебері. Әр сабағы біліктілігі мен зор талабы және сабақтағы тәртібі арқасында жоғары деңгейде өтеді. Оқушылардың сабақта алған білімін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, атқарған жұмысқа талдау жасауға, ойлампаздыққа үйретеді. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу арқылы, қосымша материалдар оқып, есеп жинақтары бойынша өздігінен ізденіп жұмыс жасауға үйретеді және қосымша сабақтарда талдау арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.



Жоғары дәрежелі білікті ұстаз әр сабағын шығармашылықпен, теориялық әдістемелік даярлықпен өткізеді.Әр сабағында әртүрлі жаңа технология методикасын қолданады. Үнемі аудандық олимпиадалардан дайындаған оқушылары жүлделі орындарға ие болады. Республикалық онлайн олимпиадаға қатысып, сертификатқа ие болды.



Қолға алған ісін тындырымды орындау қасиетін бойына сіңірген маман, қажыр – қайратын, парасаты мен танымын қоғам жұмысына аяған жоқ. Жұмыстың жандануына елеулі үлес қосып келеді. Еңбеққор, өз ісіне адал ұстаз озық іс-тәжірибені насихаттау мақсатында апталықтар да ұйымдастырып отырады. Қайыргелды Қабжанұлы өз пәнін жақсы меңгерген, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Таңдаған мәселесін ескере отырып, оқушылардың оқу – тәрбиесі мен дамуын, өздігінен білім алуын және шығармашылығын қалыптастыруды қадағалап отырып мектеп ішінде, аудан көлемінде өтетін түрлі іс-шараларға оқушыларды қатыстырып отырады.



Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін 2014 жылы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Қайыргелді Қабжанұлы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, әріптестері мен ауылдастары арасында сыйлы адамдардың бірі.

Сапалы сабақ беруден де басқа мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, көптеген кәсіподақ тарапынан өткізілген іс- шаралардың ұйытқысы болып жүр. Әріптесімізге шығармашылық шабыт, еңбекте табыс тілейміз.




Солтүстік Қазақстан облыстық

білім және ғылым қызметкерлері

кәсіподағы

Жарияланған күні: Қыр. 30, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты