САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ
Бейсенбай Қадырұлы Абдрахманов 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып сайланды.
Бүгінгі таңда кәсіптік одақтар азаматтық қоғамның және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қалыпты негізгі құралы болып табылады.
Сонымен қатар облыстық кәсіптік одағының әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу шеңберінде әлеуметтік әріптестік, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, сотқа дейінгі жағдайларда және сотта қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғап, қызметкерлердің кадрлық тұрақтылықтарын нығайтып, тағы басқа да жұмыстарды нәтижелі түрде атқаруда.
Қазіргі кезеңде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық бірлестігі 797 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын
жалпы саны 36 мың 394 кәсіподақ мүшелерінің бастарын біріктіріп басты маңызды жұмыстарды атқару үстінде.