• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • "БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ"

"БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ"



Отбасы күні мерекесі барысында Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанындағы Әйелдер істері жөніндегі Комиссиясы «Бақытты жанұя» тренингін ұйымдастырды.

Шарада Күреңбел қазақ орта мектебінің директоры Кәмшат Қыстаубаева, Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Жақан Дуанаев, облыстық кәсіподақ ұйымының Әйелдер істері жөніндегі Комиссияның төрайымы Әсем Ильясова сөз алып, әріптестерін мерекемен құттықтап, отбасы құндылықтарын насихаттады. Бала өміріндегі ата-ананың маңыздылығына тоқталып, болашақ ұрпақтың сапалы білім, жақсы тәрбие алуына қоғам болып барынша атсалысуымыз керектігін айтып өтті.

Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға білім ордасында жұмыс істейтін көпбалалы 8 отбасы қатысты.

Тренингті Күреңбел қазақ орта мектебінің психологі Маржан Жексембаева жүргізіп, «Өз балаларының салған суреттерін тап», «Таңдау жасап, денені қимылдат», «Мәтінмен жұмыс» сынды бірнеше ойындарды өткізіп, отбасы мүшелеріне психологиялық мінездеме жасалды.

Алғашында мектеп қабырғасында оқып жүрген бүлдіршіндер сурет салды. Оны ата-аналары тауып, суреттелген бейненің мағынасын ашты. Қатысушылар бас киім, шапан, аяқ киімдерді таңдау арқылы өздерінің мінез-құлықтарын анықтады. Кейіннен қатысушылар 3 топқа бөлініп, көрсетілген мәтінмен жұмыс жасап, ауызбіршіліктерін көрсетті.

Білім ордасының бірінші сынып оқушылары өлең оқыса, Айару Орынбек пен Самал Шәріпханқызы, Әли Нұртілеу ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Маржан Жұмабек шараны қорытындылап, тренингке қатысушыларға кәсіподақ тарапынан ынталандыру сыйлығын табыс етті.

https://www.facebook.com/1024709141033860/posts/1854185868086179/




Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі


Жарияланған күні: Қыр. 15, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты