• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА КЕ…

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ



Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағында онлайн форматта Кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына аудандық-қалалық кәсіподақ ұйымдары мен құрылымдық бөлімше жетекшілері және Кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы қаралды. Жолдаудың білім саласына қатысты тармағы Кеңес мүшелерімен жан-жақты талқыланды. Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін кітапханашылардың, техникалық персоналдардың, жүргізушілердің және тағы да басқа қызметкерлердің жалақылары 2022-2025 жылдары жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсірілетіні және педагогтардың жалақысының келесі жылы тағы 25 пайызға көтерілуі, сонымен қатар, еліміздегі ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтерілгені қызметкерлерге қуанышты жаңалық болды.



Аймақтық білім қызметкерлерінің кәсіподағының аудандық-қалалық ұйымдарына барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылап-таныстыру тапсырылды.



Сонымен қатар, жиын барысында Ақтоғай, Ұлытау аудандық, Қаражал қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстары туралы есебі тыңдалды.



Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің, Жезқазған гуманитарлық колледжінің, Жезқазған музыкалық колледжінің және Жезқазған технология және сервис колледжінің оқуда озат, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге кәсіподақ шәкіртақысы тағайындалды. Кәсіподақ шәкірақысы әр семестр сайын тағайындалады және оның көлемі 10 474 теңгені құрайды.



Сондай-ақ, жиын барысында «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекесі қарсаңында білім саласының үздіктері мен кәсіподақ белсенділерін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жоғарғы марапаттарымен марапаттауға ұсынылды.




Жезқазған аймақтық білім және ғылым

қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағы


Жарияланған күні: Қыр. 10, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты