СЫР ӨҢІРІНДЕ «КӘСІПОДАҚТЫҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас Кеңесінің шешімімен 2021 жыл “Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы” деп жариялануына орай ұйымдастырылған республикалық байқаудың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқаудың басты мақсаты - кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін насихаттау, жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындаудағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысының тиімділігін арттыру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, сонымен қатар кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату.
Сайысқа әр өңір үздіктері деп танылған
8 бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысып, жұмыстары байқау Ережесіне сай бағаланды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін бағалау жұмыстың бірқатар бағыты бойынша жүргізілді.
Байқау талаптары бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы нақты ақпарат бар анықтама-визиткамен қатар:
ұжымдық шарт;
2021 жылға арналған жұмыс жоспары;
бір мәдени-бұқаралық шара бойынша сценарий;
жалпы жиналыс және кәсіподақ комитетінің мәжілісі бойынша бір-бір хаттама;
бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін және жұмыс тиімділігін арттыру туралы эссе;
бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының өзін-өзі таныстыруы (көшбасшының автопортреті - өзі туралы әңгіме, көшбасшылық қасиеттеріне жалпы сипаттама, кәсіподақ көшбасшысы ретінде өз жетістіктерін көрсету, өзінің көшбасшылық қасиеттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына ықпалын көрсету) бағаланды.
Төмендегі қазылар алқасы байқауға қатысушыларға баға беріп, әділ шешімін шығарды:
1. Гүлнар Есқалиева – қазылар алқасының төрайымы, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы;
2. Марат Баймбетов – қазылар алқасының мүшесі, Аумақтық кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары;
3. Нүргүл Утегенова - қазылар алқасының мүшесі, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары;
4. Айтжан Оразбақов - қазылар алқасының мүшесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
5. Жанар Жұбауова - қазылар алқасының мүшесі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.
Байқаудың қорытынды марапаттау сәті облыстық кәсіподақтар орталығының
Мәжіліс залында ұйымдастырылды. Комитет төрайымы Гүлнар Есқалиева қатысушыларға: «Сіздердің тәжірибелеріңіз елдегі кәсіподақтар қозғалысының жетістігі болып табылады. Әсіресе, соңғы жылдардағы пандемия салдарынан болып жатқан қиындықтарға қарамастан, сіздер, ауыртпалығы мол бастауыш кәсіподақтар ұйымының жұмысын атқарып келе жатқан ең үздік мамансыздар» -деп атап өтіп, байқаудың маңыздылығына тоқталды және жеңімпаздарды марапаттады.
1 ОРЫНДЫ Қызылорда қаласының Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы жеңіп алды. Ұйым арнайы «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» кубогымен және Дипломмен марапатталды. Кәсіподақ төрағасы Әкімбаева Баян Асылбекқызына еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттырып, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамытуда белсенді үлесі үшін Алғыс білдіріліп, мектеп ұжымындағы 7 кәсіподақ белсендісіне облыстық білім кәсіподағы атынан Түркістан облысындағы «Таң Нұры» шипажайына тегін жолдама ұсынылды.
ІІ орынды иеленген Арал ауданы Н.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымына Диплом және мектеп ұжымындағы 5 кәсіподақ белсендісіне тегін жолдама,
ІІІ орынға лайық деп танылған Шиелі ауданы Пушкин атындағы №46 мектеп және Жалағаш ауданы Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарына Диплом, мектеп ұжымдарындағы 3 кәсіподақ белсендісіне тегін жолдамалар ұсынылды.
Барша әріптестерді жеңістерімен құттықтаймыз. Әрқашан бірлігіміз мығым, жеңісті күндеріміз көп болсын!
-
Фото
-