• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «М…

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ



Облыс орталығы Талдықорғанда «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық шарасы бастау алды. Әлеуметтік бағыттағы бастама 2021-2022 оқу жылы қарсаңында жүргізіліп жатыр. Аталған акция жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып келеді. Дәстүрге айналған шара биыл да жалғасын тапты.



Аталған шараны алғашқылардың бірі болып, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды. Оған облыстық ұйымының қызметкерлері, ата-аналар, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.



Шараның мақсаты– жаңа оқу жылына дайындық жасау, кәсіподақ мүшелерінің ішінен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау болып табылады.



Акция барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз алып, қайырымдылық акциясының маңыздылығына тоқталды. Елімізде оқушылардың сапалы білім алуына жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Әлемді әбігерге салған індеттің салдарын айтып, ұстаздар қауымына қолдау танытқан ата-аналарға алғысын білдірді. Қашықтан оқу кезеңінде сала қызметкерлерінің мұқтаждықтарын анықтап, барынша қолдау танытқанын жеткізді. Сонымен қатар, жаңа оқу жылымен барша салтанатты шараға қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін айтты.



Жыл сайын кәсіподақ мүшелерінің мұқтаждықтарын анықтап, балаларды барынша қамтуға басымдық берген қоғамдық ұйым эпидемиологиялық ахуалға байланысты 6 оқушыға мектеп формасы, спорттық киімдер, аяқ киімдер, кеңсе тауарларын табыс етті.

Шараға қатысқан Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының есепшісі Динара Оразымбекова ұйымдастырушыларға ата-аналардың атынан ризашылығын білдіріп, балаларының мектепке баруына ықпал етіп, алаңсыз білім алуына жағдай жасаған жандардың жомарттығына алғысын айтты.



Қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдық бірлестіктің аудандық, қалалық филиалдардың ықпалымен 60 оқушыға көмек көрсетілетін болады.




Алматы облыстық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі


Жарияланған күні: Там. 16, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты