• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ

КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ



Кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Бұл – еңбек адамының мұң- мұқтажын, мақсат-мүддесін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым. Кәсіподақ қызметкерлердің еңбек және тұрмыстық жағдайын жақсарту, санаториялық-курорттық емдеу мен демалысты ұйымдастыру, өзге де әлеуметтік шараларды жүзеге асыру сияқты көптеген міндеттерді орындайды.



Осы аталған жұмыстарды абыроймен атқарып жүрген кәсіподақ көшбасшыларының бірі- Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Кеңсахара жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жұмабаева Светлана Оралқызы.



Светлана Оралқызы – тарих пәнінің мұғалімі. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел ертеңі, болашақ өрендерді тәрбиелеумен қатар, білім ордасындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.

Мектеп ұжымын толғандырған мәселелер кәсіподақ дейгейінде оң шешімін тауып келеді. Педагогтар уақытылы жалақысын алып, көптеген әлеуметтік кепілдіктерге ие. Светлана Оралқызы кәсіподақ мүшелерінің талап-тілегіне құлақ түріп, ұдайы ескеріп отырады.



Бастауыш кәсіподақ ұйымының өзгелерге үлгі боларлық тұстары да жетерлік. Елде коронавирус инфекциясының қаупі күшейіп, карантин талаптары енгізілген тұста Кеңсахара орта мектебінің кәсіподақ мүшелері алғашқылардың бірі болып шағын цех жұмысын қолға алды. Бетперде тігіп, оны мектеп ұжымы мен оқушыларға, ауыл тұрғындарына тегін таратты.



Одан өзге мерекелерді жоғары дейгейде ұйымдастырып, мерейтой иелерін, сала ардагерлерін ұлықтауды ұмыт қалдырған емес. Мәселен, жыл сайын қарттар күні қарсаңында игі дәстүр бойынша кәсіподақ мектеп ардагерлерін құттықтайды. Білім ордасында ұзақ уақыт қажырлы еңбек еткен зейнеткер ұстаздарға алғыс айта барып, сый-құрмет көрсетіп келеді.



Биыл денсаулық күніне орай «Дені саудың-жаны сау» атты оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен акция өткізілді. Отбасы күні, мұғалімдер мерекесі, жаңа жыл, халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы өзге де мемлекеттік мерекелер мен тарихи маңызды даталар ескерусіз қалмайды. Оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіподақ мүшелері лайықты марапаттарға ие болып, оларға қаржылай қолдау көрсетіледі.



Педагогтарды емдеу-сауықтыру орталықтарымен қамту да-кәсіподақ қызметінің бір міндетіне айналған.

«Біздің басты мақсатымыз –кәсіподақ жұмысын бүгінгі уақыт пен заман талабына сай ұйымдастырып, еңбек адамының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз»,- дейді кәсіподақ көшбасшысы.


Жарияланған күні: Шілде 19, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты