• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА …

2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ АЙМАҚТЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚОСЫМША ҚАБЫЛДАНДЫ



2025 жылға дейін Елордада барлық мемлекеттік мектептерді ШЖҚ (шаруашылық жүргізу құқығы) нысанына өткізу жоспарланып отыр.

Өз кезегінде «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңының 138 бабының 2-тармағына сәйкес, еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды.



Заңның көрсетілген нормасын ескере отырып, Білім басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы арасында 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Аймақтық келісімге қосымша қабылданды.

Әлеуметтік әріптестік тараптары білім беру ұйымдарының ШЖҚ-ға ауысу барысында қосымша ақы мен үстемеақы төлеуді реттеді.

Осылайша кәсіподақ мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлеріне «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында көрсетілген барлық қосымша ақылар мен үстемеақылар кепілдендірілген. Қосымша ақы мен үстемеақының көлемі қаулыда көрсетілгеннен төмен болмауы тиіс.

Қосымша келісім ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелген және оны орындау міндетті болып табылады.




Қосымша келісіммен «Әділет» Кәсіподағының сайтында (http://profadilet.kz/kz/article/show/15/187) немесе білім беру ұйымының кәсіподақ комитетінде танысуға болады.




Анықтама үшін:

ҚР Еңбек кодексінің 1 бабтың 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, бас, салалық, аймақтық келісім – тараптардың республикалық, салалық және аймақтық деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.



Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 97 бабтың 3-тармағына сәйкес, ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу – ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға 400 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жарияланған күні: Шілде 14, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты