• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ШӘКІРТТЕРІН ШЫҢҒА Б…

ШӘКІРТТЕРІН ШЫҢҒА БАСТАҒАН ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ



Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Кәсіподақтар федерациясы отыз жылдық еңбек өтіліне ие, тәуелсіздік құрдастары болып табылатын еңбек адамдарына ақпараттық, жан - жақты жобалық байқаулар арқылы қолдау білдіруде. Бүгінгі «Еңбеккер бейнесі» айдарында №16 жалпы орта білім беретін мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, еңбек ардагері Сұлубике Дәулетова туралы айтатын боламыз.



Дәулетова Сұлубике Мырзагерейқызы 1984 жылы еңбек жолын Орал қаласындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебінде бастаған еді. Ең қызығы сол, өзінің алғаш бастаған еңбек ұжымында бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл. Бір салада, бір еңбек ұжымында ұзақ жылдар бойы қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен табандылықтың айқын белгісі деп білеміз. ҚР Кәсіподақтар федерациясы еңбек ардагерлерін, үлгілі еңбек жолдарын насихаттау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, бағалау жұмыстарына ерекше мән береді.



Сұлубике Дәулетова – нағыз шығармашылықтың адамы. Педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп, өзінің пәнін тереңінен зерттеп, өзіне ғана емес өзгеге де қызықтыра білген тәжірибелі маман. Әр жыл сайын өзінің біліктілігін Халықаралық, республикалық, облыстық додаларда шыңдап, марапаттарға ие болған. 2017 жылы Атырау қаласында өткен республикалық ғылыми практикалық концеренцияда үздік атанып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Республикалық өзін-өзі тану пәні бойынша «Үздік шығармашылық тапсырма» байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері.



«Нравственно-духовное воспитание личности как целевой ориентир общества» атты халықаралық педагогикалық оқуларға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталған. «Білікті ұстаздан білікті шәкірттер тарайды» демекші, Сұлубике Мырзагерейқызының оқушылары бүгінгі күні облыстық, республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге жетіп жүр.



Сондай-ақ мектептің тынысында ғана емес қоғамдық өмірге белсене араласатын еңбек ардагері «Болашақ» желілік қоғамдастығының төрайымы. 2020-2021 оқу жылының қорытындысында қала бойынша №16 ЖОББМ өзін-өзі пәнінің үздік шеберлік сағаттары үшін рейтингте көш бастады. Бұл жетістік те өзінің мамандығын ерекше құрметтеп, ілтипатпен орындай білген Сұлубике Мырзагерейқызының еңбегі еді.




БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Жарияланған күні: Шілде 1, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты