• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МЕКТЕБІ ЖАҚСЫ ЕЛДІҢ…

МЕКТЕБІ ЖАҚСЫ ЕЛДІҢ – ЕРТЕҢІ ЖАҚСЫ



Жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыбын құя білетін,олардың өмірде өз жолдарын тауып, талпынып қанат қағуына да, көкте қалықтауына да себепші, көңілдерінің төріне күн ұялаған құрметті жандар, әрине, ұстаздар. Олар – жан дүниеңе шырақ жағып, тас қамалды күйрететіндей саналы ұрпақ тәрбиелеу барысында білімнің жолбасшысы, шәкіртінің қолбасшысы. Осыншалықты болашақтың ауыр жүгін арқалаған ұстаздарымыз жылдар бойы қажымай еңбек етуде.



«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы мұғалімдерінің ұстанымы жоғары болғандықтан, 2020 – 2021 оқу жылы Ақмола облысының орта білім беретін үздік мектеп атағын жеңіп алды. Облыс әкімі Е.Маржықпаев 22 637 мың теңгені құрайтын сертификатты табыстады.



«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов ғасыр бұрын айтса да, адамзат үшін білімнің қойнауы жылдар өте толып жаңармаса, көмескіленбесі анық. Ендеше білім бізден кейінгі ғасырларда да ешбір таразыға салынбас теңдесі жоқ өміршең ұғым болып қалмақ. Біліммен бәсекеге түсетін заманда грант ұтып алу, әрине, ұстаздардың білімі мен біліктілігінің арқасы.

Оның ішінде аталған мектептің бастауыш кәсіподақ кеңесінің төрағасы Әшімова Гүлмира Кәрімжанқызын атап өтпеуге болмайды. 2008 жылы тарих пәнінің мұғалімі әрі тәрбие ісінің меңгерушісі ретінде жұмысқа қабылданған болатын. 2017 жылдан бастап бастауыш кәсіподақ кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқаруын ұжым болып қоштағандықтан, жауапкершілік қасиетінің басымдылығынан және жүктелген міндет бір-біріне байланысты болғандықтан, жұмысын мінсіз атқаруда.



Кәсіподаққа жүктелген іс құқықтық сауаттылықты қажет етеді. Заңды басты назарда ұстап, қарамағындағылардың мүддесін қорғауда өзінің жан-жақтылығымен, білгірлігімен көзге түсті. Өзінің біліктілігі жағынан бастауыш кәсіподақ төрағаларының ішінде биіктерде самғауда. Ұстаздар үшін айтулы мерекелерді өткізу, облыстық "Мұғалім" спартакиадасына ұстаздарды қатыстыру, түрлі байқауларға бейжай қарамай, іс-шаралардың бел ортасында жүріп, оттай лаулап, өтілу барысын жоғары деңгейде ұйымдастыра алатын қабілетімен дараланады. Ұжымдық жұмыста ұйымдастырушылық пен тың идеяларға толы қабілеттерінің арқасында мектебіміз алдыңғы қатардан көрінуде. Мектептегі шығармашыл мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру жұмыстарында жетістікке жетуде де қолдау көрсетеді. Жас мамандармен тығыз қарым-қарым қатынас орнатып, бағыт-бағдар бере біледі. Дарынды, талантты шәкірттеріміздің аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атануына да ұйытқы болуда.

«2019 жылдың Үздік кәсіподақ көшбасшысы» байқауында Гүлмира Кәрімжанқызы 5-орын алды.



"Мұғалім - 2019" облыстық спартакиадасына Қорғалжын ауданынан спортшы мұғалімдер құрама командасы қатысып, 19 команданың ішінде волейболдан 3- орынды иеленді.

Жаңа туынды иесі, заман ағымының көшбасшысы ретінде өзге қырынан танылып жүрген Гүлмира Кәрімжанқызы сынды жастарымыздың қатары көбейсе, болашағымыздың бұлыңғыр болмай, айқын болатынына сенімдімін.




Г.Досымова,

Қорғалжын ауылы мектеп-гимназиясының

бастауыш кәсіподақ ұйымы комитетінің мүшесі.

Ақмола облысы.


Жарияланған күні: Маусым 30, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты