• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫ…

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ОРНЫ БӨЛЕК



«Еңбек саласында басшы мен жұмысшы арасында ашық диалог болуы керек, сонда ғана түйіткілді мәселелер мен еңбек даулары туындамайды», - дейді Орал қалалық №16 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Нұрбике Қажымова.



Орал қалалық №16 жалпы орта білім беретін мектебі – өңірдегі ең ескі білім мекемелерінің бірі. Мектеп ұжымы үшін алдағы оқу жылы ерекше басталмақ. Себебі 1967 жылы негізі қаланған аталмыш мектепке 2021-2022 оқу жылында 55 жыл толады. Білім шаңырағы жанынан кәсіподақ ұйымы 2016 жылы құрылып, бүгінгі таңда құрамына 123 кәсіподақ мүшесінің басын біріктіреді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Нұрбике Қажымова өз сөзінде:



- Біздің бастауыш кәсіподақ ұйымымыз қызметкерлерге барынша қолжетімді, лайықты еңбек жағдайын жасап, қажетті қолдауын көрсетіп келеді. Білім беру ұйымдарының көпшілігінде жыл сайын табысталатын шипажайларға арналған жолдамалар жартылай тегін берілсе, ал біздің кәсіподақ – қызметкерлер үшін берілетін шипажайларға жолдамаларды 100% тегін ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Биыл мектебімізден кәсіподақ қолдауымен алты мұғалім «Ақжайық» және «Сарыағаш» сауықтыру шипажайларына жолдама алып, демалыстарын бастап кетті, - дейді ол.



Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымы мектептегі мұғалімдермен қатар, кіші қызметкерлер үшін де жан-жақты қолдау жұмыстарын ұйымдастырып, әртүрлі шараларға белсенді қатысуларына көңіл бөледі. Ағымдағы жылдың 2 - ші жарты жылдығында мектептегі кіші қызметкерлерге кәсіподақ атынан сыйақы табысталды. Сондай - ақ кәсіподақ ұжымдағы жас мамандар үшін әртүрлі бағыттағы байқаулар ұйымдастырып, жеңімпаздарын, белсенді кәсіподақ мүшелерін ынталандыру сыйлықтарымен, ақшалай сертификаттармен марапаттайды. 55 жылдық тарихы бар білім ошағының тағы бір ерекшелігі – бітірген түлектерінің сол мектеп қабырғасында маман ретінде қызмет етуі. Бұл орайда да кәсіподақ ұйымы «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында түлектерімен жиі кездесулер өткізіп тұрады. Бастауыш кәсіподақ төрайымы кәсіподақ қозғалысына мектеп басшылығынан үнемі қолдау білдіріп жүретін №16 ЖОББМ директоры Мария Қабақоваға ризашылығын білдірді.




БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Жарияланған күні: Маусым 25, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты