БІР МАҚСАТ, БІР ҚҰНДЫЛЫҚ, ОРТАҚ ІС...
Бүгінгі таңда кәсіподақтар қызметкерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілі болды және болып табыла бермек. Әр түрлі салалардағы кәсіподақтар еңбек және әлеуметтік қатынастармен байланысты, қызметкерлердің мүдделерін қалыптастырады және тұжырымдайды.
Кәсіподақ - бұл бір іспен айналысатын және ортақ міндеттері мен мақсаттары біріккен кәсіпқойлар одағы. Кәсіптік одақ бұл қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін жарғылық тапсырмаларға сүйене отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік.
Кәсіподақ ұйымы десе көп жұмыскерлер демалысқа жолдама беретін мекеме ретінде қарайды. Алайда, бұл ұйымның негізгі міндеттері мұнымен шектелмейді. Олар: -Кәсіподақ ұйымына мүше жұмыскерлердің құқығын заң аясында қорғау;
-Жұмыстан бөлек, әлеуметтік жағдайын жақсарту және бақылау;
-Еңбек дауларының алдын алу;
-Жұмыскерлердің уақытылы жалақы алуын қадағалау;
-Денсаулықтарын жақсарту;
-Жұмыс орнында денсаулыққа кері әсерін тигізетін жағдайлар үшін қосымша қаржының төленуін қадағалау;
-Жұмыскерлердің жұмыс уақытында дене жарақаттарын алуын болдырмау, т.б. осы секілді міндеттері бар.
Кәсіподақ қызметі – үлкен күш, әлеуметтік маңызы бар ұйым. Бірақ біз оның құқығы мен міндеттерін және мақсатын түсіне білеміз бе? Расында кәсіподақ шипажайға жолдама беретін ғана ұйым емес. Біздің ұжымда кәсіподақ ұйымы ұйымшыл, біріктіруші және қолайлы психологиялық атмосфераны қамтамасыз ететін орган болып табылады.
«Ақтау технологиялық қызмет көрсету» колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 1986 жылдан бері өз жұмысын жасап келеді. Ең әуелі зауыт құрамында, кейін облыстық кәсіподақ құрамында болып, қазіргі таңда Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы болып, білім саласында педагогтарының әлеуметтік мақсат-мүддесін қорғау жолында өз жұмысын жалғастырып келеді.
Кәсіподақ ұйымымыздың әлеуметтік әріптесі «Ақтау технологиялық қызмет көрсету» колледжінің директоры - Қайырбаев Өтеген Тлегенұлы. Ұйымда өтілетін іс - шараларға үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап, өзінің ықпалын тигізіп отырады.
Біздің ұжымымыздың арқа сүйеп, сеніп келе жатқан кәсіподағымызда бірнеше жыл қатарынан төрайымдық қызмет атқарған Смородинова Галина Ивановна жайлы айтпау мүмкін емес.
Галина Ивановна колледж ұжымының белсенділігін арттыру, жұмыстарын жақсартуға тұрақты көңіл бөліп келді. Қызметкерлердің демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуін үнемі басты назарда ұстады.Ұжымда атап өтілетін әрбір мереке, атаулы күндер төрайым назарынан бір сәтте тыс қалған емес. Әрдайым позитивті, қызықты мерекелік көңіл күй сыйлау, жағымды атмосфера қалыптастырып, қызметкерлердің көңілінен шығу, оларды жұмылған жұдырықтай бірлікте ұстау– оның басты ерекшелігі іспеттес.
2018 жылдан бастап кәсіподақ ұйымында төрайымдық жасап келе жатқан Рзаева Раиса Жеткізгенқызының еңбек жолы жайлы сөз өрбітпекпіз.
Раиса Жеткізгенқызы өзінің еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған.
Бірнеше жылдар бойы «Ақтау технологиялық қызмет көрсету» колледжінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді.
2018 жылдан бастап аталмыш ұйымның кәсіподақ төрайымы болып сайланды. Ол төрайымдық етіп отырған кәсіподақ ұйымы білім мекемелері бойынша алдыңғы қатардағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірі.
Раиса Жеткізгенқызы колледждің педагогикалық ұжымының еңбегін жемісті, мазмұнды және лайықты бағалауға, ал бос уақытын қызықты, пайдалы және мұғалімді белсенді азаматтық ұстанымға бейімдеуге бағытталған.
Жарғы негізінде жасалған кәсіподақтың жұмыс жоспарын әр педагог пен қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғауға бағыттайды, пән мұғалімдерінің жеткілікті оқу жүктемесін қамтамасыз ету процесіне қатысады, мұғалімдер мен колледж басшылығы арасындағы екі жақты еңбек шартын бұзуға жол бермеуді бақылайды және қол жеткізген жетістіктері үшін кәсіподақ ұйымының мүшелерін лайықты көтермелеуді ұйымдастырады.
Кәсіподақ комитетінің ұжымдағы - өндірістік циклдің ахуалдық проблемаларын уақтылы шешу, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, жеке сипаттағы проблемаларды шешу кезінде көмек көрсету, материалдық-техникалық базаға қолда бар үлес туралы қамқорлық және тағы басқалар, өзара қолдаудың салауатты жағдайы мен мұғалімдердің жемісті еңбек атмосферасы қалыптасады.
Колледж кәсіподақ комитетінің және кәсіподақ көшбасшысы Раиса Жеткізгенқызының тікелей қатысуымен ұйымдастырылған және өткізілген көптеген игі істерді атап өтуге болады. Кәсіподақ комитетінің облыстық ауқымды түрлі конкурстарға белсене қатысуы - жүлделі орындарға ие болып, материалдық сыйақы алып, кәсіподақ комитеті өзінің барлық жетістіктерін ұжыммен байланыстырады және материалдық құндылықтарды оқу кабинеттерін пайдалануға береді.
Сонымен қатар, оқу орнының қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қамқорлығын бір қарағанда қарапайым, бірақ шын мәнінде өте маңызды істерде, атаулы күндерде, мерейтойларда ұстаздар мен қызметкерлерді алғыс хаттармен, грамоталармен, дипломдармен, демалысқа шипажайларға жолдамалармен, ақшалай сыйлықтармен көтермелеу қызметтерін үнемі сезінеді.
Атап айтар болсақ, А.М.Қазиева, Б.А.Жағпарова, Г.У.Умбеталиева, А.Ж. Абдуллаева, Ж.Ж.Тогжанова, А.Н.Смагул, А.Мусаева, Р.Ж.Рзаева сынды бірқатар ұстаздарымыз санаторийлер мен курортқа жолдама алып, денсаулықтарын қалыпқа келтірумен қатар, сапалы демалысқа ие болды.
Колледж есепшісі Нұралиева Дина, Алдабергенова Асыл, Меңдеева Сәнімгүл, Жарылғасова Айымгүл, Смородинова Галина Ивановна сынды бірқатар оқытушыларымыз бен өндіріс шеберлері колледжіміздің 30-жылдық мерейтойына орай облыстық кәсіподақ ұйымының Алхыс хатымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Раиса Жеткізгенқызының қоғамда атқарған игі істері ұшан-теңіз. Еңбек майданындағы әрбір марапаттау мен атақ-даңққа аса мейрімділігімен, кең пейілділігімен, дархандығымен, қайырымдылығымен, турашылдығымен, іскерлігімен қол жеткізген.
Еңбек – әр азаматтың өмір ескерткіші, елінің рухани қазынасы. Раиса Жеткізгенқызы жайында бір мақалаға сыйғызып айту мүмкін емес. Осындай асыл жанның өмірі мен еңбек жолы бәрімізге үлгі - өнеге.
С.Меңдеева,
«Ақтау технологиялық қызмет көрсету» колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы, кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі,
әдебиеті пәнінің оқытушысы, кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі,
Маңғыстау облысы
-
Фото
-