• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕК А…

КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ



Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудандық білім беру бөлімі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы құрамы мен құрылымы жағынан ең үлкен аудандық кәсіподақ ұйымдарының бірі. Құрамында 3409 кәсіподақ мүшесі бар. Аталмыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, өзінің азаматтық белсенділігімен өңірге танымал, жан - жақты, білікті басшы, БҚО, Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Ақжайық аудандық балалар - жасөспірімдер туризм орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры – Максим Үмбетәлиев:



– Аймақтағы маңыздылығы жоғары, құрылымдығы жағынан үлкен ауданда қызмет ету, соның ішінде қызметкерлердің құқығы үшін, жұмысшының талабы жолында еңбек ету – қуаныш. Дегенмен, аумақтық бөлінісі қалай үлкен болса, тұрғындардың сұрақ - шағымы да сондай. Әр жыл сайын кәсіподақ есігін қағушылар мен қоңырау шалушылар көбейді. Мұның өзі кәсіподақ жұмысының нәтижелілігінің белгісі деп ойлаймын. Бір жағынан бұл қуантарлық жағдай да емес. Маман шырылдаса, еңбек саласында жаңа мәселе пайда болды деген сөз. Сондықтан уақыт пен сапаға жұмыс жасауға тырысамыз, - дейді.



Ақжайық аудандық білім беру бөлімі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының тағы бір ерекшелігі – құқықтық сауаттылық пен заң алдында қорғалу шараларына, іс - әрекеттер жағдайларына ерекше назар қояды. Әсіресе карантин кезінде еңбек қатынастарындағы құқық бұзушылық фактілері жиі көрініс тапты. Дәл сондай мәселемен жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері аудандық кәсіподақ ұйымына шағымданған болатын. Яғни, карантиндік шараларды сақтау мақсатында әр бастауыш сыныпқа екі мұғалімнен тағайындалды. Бір мұғалім қашықтықтағы (онлайн сабақ) оқушыларға, екінші мұғалім кезекші сыныптарға сабақ берді. Дегенмен, пандемия жағдайына байланысты барлық сынып түгел қашықтықтан оқу түріне көшірілді. Бұл уақытта мектеп басшылығы екі мұғалімге бір мұғалімнің жалақысын төлеп келген еді. Шешімге келіспеген қызметкерлер кәсіподақ ұйымына жүгінеді. Ал, аудандық кәсіподақ ұйымы мәселені облыстық кәсіподақ ұйымы мен еңбек инспекция басқармасына мәлімдеп, бірлесе шара қолдануға шақырады. Нәтижесінде 24 мұғалімге тиесілі ақшалары қайтарылды. Бұл жағдай – еңбек адамына қай кезде де қолдау болған Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілігімен шешімін тапқан құқықтық мәселелердің бірі ғана.




БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ


Жарияланған күні: Маусым 21, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты