• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖУРНАЛИСТЕР САЙЫСЫ …

ЖУРНАЛИСТЕР САЙЫСЫ – КӘСІПОДАҚ ТЫНЫСЫ



Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2020 жыл 23 желтоқсандағы № 6.5 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, аймақта осы тақырыпта қалам тербеп жүрген журналистер арасында «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» атты байқау жариялаған болатын. Сайыстың Ережелері облыстық қоғамдық бірлестік Атқару комитетінің 2021 жыл 10 наурыз күнгі № 2 тармақшасы Қаулысымен беркітіліп, республикалық салалық кәсіподақтардың «Ұстаздық еңбек» газетінде 2021 жыл 11 ақпан № 3 (96) және 11 наурыз күндері № 5(98) сандарында жарық көрді.



Байқаудың негізгі мақсаты – Атырау облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарының мәртебесін арттырып, беделін көтеруде, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш ұйымдардың қызметін күшейту. Білім беру мекемелерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттырып, кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін насихаттау, байқау шараларына кәсіподақтың жаңа мүшелерін, жастарды тарту, белсенділікті ынталандыру және салалық кәсіподақтың ақпараттық-насихаттау жұмысын жетілдіру және педагогикалық еңбекті насихаттау, кәсіподақ ұйымдарының тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсету болды.



Сайысқа осы тақырыпта қалам тербеп жүрген журналистермен қатар білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, педагогтар қатысты. Барлығы 30 жуық жұмыс түсті.

Жүлдеден ешкімде құр алақан қалған жоқ.



Қазылар алқасының шешімімен «Бас жүлде» республиканың кез-келген шипажайына берілетін тегін жолдаманы Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің редакторы Айнагүл Шакупова иемденді.

Ал, жүлделі бірінші орынды «Кәсіподақтың үздік баспасөз қызметі» атты номинацияны республикалық салалық кәсіподақтардың «Ұстаздық еңбек» газетінің редакторы Сандуғаш Қапсихова, екінші орындарды «Үздік ақпараттық әріптес» атағын Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің редакторы Гүлзада Салықова мен Индер аудандық «Индер» газетінің жауапты хатшысы Диас Айбаров, ал үшінші орын «Үздік кәсіподақ тілшісі» атты атағына Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің тілшісі Еркеназ Қалижан, махамбеттік «Алтын-ай» бөбек-жайы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Биғайша Еркінова, атыраулық № 20 Пушкин атындағы мектеп-лицейі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанат Сапарова ие болды.



Ал, «Ынталандыру» сыйлығына Атырау қаласы №22 А.Молдагулова мектебінің мұғалімі Гүлжан Кунарова, Х.Досмұхамедов атындағы университеттің доценті Айдар Сабыров, облыстық білім беру бөлімінің маманы Абай Акмурзиев, «Атырау» газетінің фототілшісі Ерлан Алтыбаев пен студент-журналист Гүлдана Хайрушева лайықты деп танылды.



Жуырда облыстық Кәсіподақтар үйінде осы сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынның қатысушыларына арнап «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыкалық колледжінің өнер шеберлері концерт қойды.


Жарияланған күні: Маусым 21, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты