• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АПТАЛЫҚ АЯСЫНДАҒЫ О…

АПТАЛЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ



2021 жылдың 25 маусым күні Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) «Еңбек саласындағы зорлық – зомбылық пен әлімжеттікті жою туралы» №190 конвенциясы күшіне енетін болады. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен аталмыш конвенцияның мақсаты мен принциптерін қолдау мақсатында «Іс – әрекет аптасы» жарияланды.



Осыған орай, Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен кәсіподақ мамандарының, салалық кәсіподақ бірлестіктерінің заңгерлері мен кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Еңбек саласындағы зорлық зомбылықты жою» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.



Онлайн кездесу спикері, БҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Диляра Сатарова өз сөзінде соңғы жылдары өңірде зорлық – зомбылық фактілерінің күрт өскендігін және еңбек саласындағы әлімжеттік, қысым көрсету, зорлық – зомбылық көріністері физикалық сипатта ғана емес, жыныстық, психологиялық сипатта да кездеседі. Меніңше, бұл жағдайлар күнделікті өмірде жиі ұшырасады, дегенмен біздің мән бермегендігімізден ескерілмей қалады. Ендігі жерде оны ескеретін, назар салатын конвенция жұмыс істейтін болады, - деп өз ойымен бөлісті.



Кездесу қатысушысы, спикер, «MINBER» ақпараттық агенттігінің азаматтық журналисті Альфия Шамаева мұндай олқылықтарға жол бермес үшін медиа саласымен жиі жұмыстар жүргізіп, ақпараттық насихаттар мен ашықтық диалогтарын құру керек екендігін жеткізді.

Политехникалық колледжі директорының кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары, «БҚО Кәсіподақтар орталығы» жанындағы жұмысшы әйелдер комиссиясының мүшесі Жанат Нұрахметова еңбек қатынастарында жиі орын алатын балалар еңбегінің асыра қолданылуы жөнінде баяндап, шағын презентациялық тұжырымдамасын ұсынды.



Кездесу соңында БҚО Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Бауыржан Атауов шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, кәсіподақтың ең басты міндеті – еңбек адамын қорғау екендігі туралы айта отырып, қатысушыларды «Еңбек саласындағы зорлық – зомбылық пен әлімжеттікті жою туралы» №190 конвенцияның ақпараттық таралымына қолдау білдіруге шақырды.




БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Жарияланған күні: Маусым 15, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты