• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • 30 ЖЫЛ ЕҢБЕК ЕТКЕН …

30 ЖЫЛ ЕҢБЕК ЕТКЕН МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ



Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау аудандық А.Тихоненко атындағы ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – өңірдегі белсенді еңбек ұжымдарының бірі.



Ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, жыл басынан бері еңбек бірлестіктері мен кәсіподақ ұйымдарының арасында әртүрлі байқаулар мен жобалар ұйымдастырылуда. Сондай жылдық жобалардың бірі – «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы.



Жоғарыда аталған жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауында бақ сынамақ. Бүгінгі таңда, құрамында 103 кәсіподақ мүшесі бар. Оның ішіне мұғалімдермен қатар техникалық қызметкерлер де кіреді.



– Мектеп ұжымы – үнемі реформалануға бетпе - бет келетін, көпжақты, жауапкершілік жүгі салмақты орта. Мектеп қызметкерлері – қоғамның бірнеше субъектілері шоғырланған жерде жұмыс жасауға қабілетті, ұлттың - ұрпақтың болашағына жауапты әлеуметтік топ өкілдері. Бұл қарым - қатынас арасында бір жүйе өз жұмысын дұрыс атқармаса, онда барлық құрылым бұзылады. Ал кәсіподақ ұйымы сол жүйелердің ажырамай, байланыстылығын арттыру үшін жұмыс істеп келеді. «Маман талабы орындалуы тиіс. Қызметкерлер лайықты еңбек жағдайында жұмыс жасауы қажет. Қолжетімді ұжымдық шарт жасалуы керек» деген ұстанымдар кәсіподаққа деген сенім мен үмітті күшейтеді, - дейді А.Тихоненко атындағы ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.



Мектеп әкімшілігінде кәсіподақ ұйымының жетекшілігімен қызметкерлерді ынталандыруға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Кәсіподақ комитеті өз саласында жетістікке жеткен жас мамандарға қаржылай қолдаулар көрсетіп, үздік нәтижеге жеткен мектеп мұғалімдеріне сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар табыстайды.



Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақтың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп қабырғасында 30 жыл еңбек еткен қызметкерлер - Рахила Тағаниязова мен Зинаида Катькалға мектеп басшысы – Қайрат Каукиевтің атынан арнайы Алғыс хат табысталды.




БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Жарияланған күні: Маусым 10, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты