• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЖЫМДЫ ҰЙЫСТЫРҒАН Б…

ҰЖЫМДЫ ҰЙЫСТЫРҒАН БІЛІКТІ КӨШБАСШЫ



Бүгін Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымының Жылыой ауданы Е.Халықов атындағы орта мектебіндегі бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Шарғабаева Жанаргүл Сағынбайқызы туралы сөз қозғаймын.



Жанаргүл Шарғабаеваның есімі Атырау өңіріне ғана емес, республика ұстаздарына етене таныс. Әріптестер Жанаргүл Сағынбайқызын сала қызметкерлерінің мәселелеріне бей-жай қарамайтын белсенді ұстаз ретінде біледі. Ол мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымына төраға болып келгелі қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік қолдауды белсенді түрде қолға алды.



Ұжымдастары оның әр қызметкердің сұрағын жауапсыз қалдырмайтын қасиетін жоғары бағалайды.



"Жанаргүл Сағынбайқызы алдымен мектебіміздегі жүктемесі көп пәндердің тарифтен өткізу жүктемесін реттеп, соған сәйкес сауықтыру жәрдемақысының төленуін жолға қойды. Мереке күндері кезекшілікке шығу кезінде қызметкерлерге ақылы күнін алуға немесе қаражатын төлеуге бұйрық шығару арқылы, мұғалімдердің демалыс күндері жұмысқа келісімімен шығуын қадағалады.



Мектеп есепшісі, кітапханашы, лаборанттардың еңбек демалысына ақылы үш күннің қосылуы, біліктілік санатын алудағы кейбір кедергілерді жойып, санатқа байланысты төлемнің дұрыс төленуін де шешіп берді.



Мұғалімдердің кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілуі, техникалық құралдармен жабдықталуы, қашықтықтан оқыту кезінде интернеттің дұрыс жұмыс жасауына ықпал етті.



Әр мереке сайын үздік қызметкерлерді облыс, аудан көлемінде марапаттап, сыйлықтарын табыстады.



Кіші қызметкерлердің арнайы киімдер мен керекті құралдармен жабдықталуын қадағалап, бұрыннан жолға қойылмаған резеңке қолғаппен қамтамасыз етілуін реттеді.



Мұғалімдерді мәжбүрлі түрде баспасөз құралдарына жаздыру, адам санын көбейту үшін керексіз жиындарға қатыстыру тыйылды.



"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданбас бұрын ол осындай заңсыздықтармен күресті қолға алып, әлі де осы бағытта талмай еңбек етіп келеді" дейді әріптестері ол туралы.



Ұжымдастарының сөзіне толығымен қосыламын. Өзім Жанаргүл Сағынбайқызымен былтыр, пандемия басталмас бұрын, Атырау қаласында болған білім қызметкерлерімен кездесуде танысқанмын.

Ж.Шарғабаева кездесу барысында өзекті мәселелерді көтеріп, көптеген сұрақтар қойды. Өз пікірін ашық айтатын, кәсіподақ жұмысын білетін, қызметкерлердің құқықтарын қорғайтын көшбасшы екенін көрсетті.



Ұжымды ұйыстырып, жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында әлеуметтік әріптестіктің алтын көпірін орната білген білікті кәсіподақ көшбасшысы Жанаргүл Сағынбайқызы секілді кәсіподақ белсенділерімен біз мақтанамыз.



Құрметті Жанаргүл Сағынбайқызы, кәсіподақ мүшелерінің игілігі жолындағы еңбегіңіз жана берсін. Жұмыстарыңызға табыс, әр бастамаларыңызға сәттіліктер тілеймін.




МЫҚТЫ КӨШБАСШЫ - МЫҚТЫ БАСТАУЫШ - МЫҚТЫ КӘСІПОДАҚ!


Жарияланған күні: Маусым 9, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты