• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ЗАҢ КЛИНИКАСЫ» МАМ…

«ЗАҢ КЛИНИКАСЫ» МАМАНДАРЫНА ЖҮГІНУШІЛЕР САНЫ АРТУДА



Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанынан ағымдағы жылдың 28 мамыр күні ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Заң клиникасы» бөлімшесі ашылған болатын. Бүгінгі таңда «Заң клиникасы» кабинетінде кәсіподақ орталығының, Салалық кәсіподақ ұйымдарының заңгерлері, өңірдің медиатор мамандары бекітілген кезекшілік кесте бойынша еңбек қатынастарына байланысты әртүрлі мәселелермен келген жұмысшыларға, кәсіподақ мүшелеріне тегін консультациялық қызмет көрсетуде.



2021 жылдың 3 маусым күні «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Гүлжанат Құрманғазиева «Заң клиникасы» кабинетінде білім беру саласы мамандарынан келіп түскен сауықтыру жәрдемақыларының төленуіне, мұғалімдер жалақысының еңбек демалыстарының күндері бойынша есептелінуіне және 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімде көрсетілген қосымша үш күндік ақылы демалыстар туралы ауызша- жазбаша үлгідегі өтініш-сұрақтарды қарады. Бұл орайда, салалық кәсіподақ ұйымының заңгері – Гүлжанат Есетқызы ҚР Еңбек кодексінің 139 бабына сәйкес және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына, сондай-ақ салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың ережелеріне сүйене отырып өтініш иелеріне құқықтық кеңестер берді.



Сонымен қатар, салалық келісімдерге сәйкес қосымша берілген ақылы еңбек демалыстарын ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы заңдастыру қажет екендігін айтты. Сондай өтініштердің бірі - Орал қалалық жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М. есімді азаматшадан келіп түсті. Өтініш мазмұнында жоғары педагогикалық білімінің мамандығы тиісті бейіні бойынша сәйкес келмейтіндігін негізге алып, 2019 жылдың қыркүйек айынан бері еңбекақысы арнаулы орта білімі бойынша төленіп отырғаны жөнінде айтылған. Бұл орайда Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы атынан аталмыш мектеп директорына қызметкердің өтініші бойынша «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес азаматша М-ға 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 2021 жылдың мамыр аралығында еңбекақысының айырмасы есептелініп төлену қажет екендігі туралы хат жолданды.




БҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ


Жарияланған күні: Маусым 8, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты