• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МА…

ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ



Ақтөбе облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша аймақтың үздік ұстаздарын марапаттады.

«Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты дәстүрлі шара аясында білім беру саласындағы жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі және жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін 110 ұстаз, атап айтқанда пән мұғалімдері мен педагог отбасылар облыстық кәсіподақ ұйымы мен облыстық білім басқармасының бірлескен Алғыс хатымен марапатталып, оларға «Мерке» шипажайына жолдама табыс етілді.



Кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары және комитет мүшелері «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісіне ие болды. Салтанатты шара онлайн форматында өткізілді. Өз ісінің майталмандарын салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Раушан Серікова құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі.



«Міне, тағы бір қызығы мен қиындығы қатар өрілген оқу жылы артта қалды. Осынау жұмыстарыңыздың тағы бір белесі өз мәресіне жетті. Коронавирус індетінің таралауына байланысты, биыл аймақ ұстаздары әрі дәстүрлі, әрі онлайн форматта білім беріп, өздерінің кәсіби біліктіліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ештеңеге қарамастан, кедергілер мен қиындықтарды еңсеріп шықты. Қысқасы, шәкірттерінің алаңсыз білім алулары үшін мектеп мен ұстаздар қауымы бар күштерін салды. Құрметті ұстаздар, еселі еңбектеріңіз бен болаттай төзімдеріңіз, сапалы білім мен өзгеріске деген оң көзқарастарыңыз үшін сіздерге ризашылығымызды білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін»,- деді ол.



Шараға, сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ университеті ректорының міндетін атқарушы Р.Бекназаров, Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Күзембаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Сүлейменова, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Д.Жаманбаева қатысып, ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.


Жарияланған күні: Маусым 1, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты